Следите за новостями

Цифра дня

$3,1 трлн обработано через национальные платежные системы в 2025 году

    Қазақстан Өзбекстанда АӨК-ті цифрландыру тәжірибесімен бөлісті

    Іс-шараны Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы Өзбекстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп ұйымдастырды.

    17 сентября 2026 10:57, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері аграрлық секторда цифрлық және геокеңістіктік технологияларды, сондай-ақ жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді қолдану мәселелеріне арналған халықаралық семинарға қатысты.

    Семинар барысында ҚР АШМ Мемлекеттік қызметтерді дамыту және АӨК-ті цифрландыру департаменті директорының орынбасары Нұржан Амиров Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін цифрлық трансформациялаудың негізгі бағыттарын таныстырды.

    Атап айтқанда, мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен цифрлық мемлекеттік қызметтерді дамыту, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау үдерістерін автоматтандыру, сондай-ақ аграрлық деректерді тиімді пайдалану тәсілдері туралы кеңінен баяндалды.

    Таныстырылым барысында ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға, мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістерін жетілдіруге және агроөнеркәсіптік кешенге қатысушылар үшін заманауи цифрлық сервистерді дамытуға бағытталған бірыңғай «Е-АӨК» цифрлық экожүйесін қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

    Семинар барысында аграрлық секторда геокеңістіктік технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдану мүмкіндіктеріне айрықша назар аударылды. Жиналғандар бұл мүмкіндіктердің ауыл шаруашылығы деректерін талдау, жерлердің жай-күйін мониторингтеу, ресурстарды басқару тиімділігін арттыру және аграршыларға арналған заманауи цифрлық құралдарды дамыту бағыттарында пайдалану мәселелеріне көңіл бөлді.

    Іс-шара аясында аграрлық секторды цифрландыру саласында тәжірибе алмасу өтті. Қатысушы елдердің өкілдері өзекті технологиялық шешімдерді, цифрлық трансформацияның қолданыстағы тәсілдерін және ауыл шаруашылығындағы цифрлық сервистерді дамытудың маңызды бағыттарын талқылады.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.