Елімізде Бірыңғай цифрлық жер ресурстары платформасы әзірленіп жатыр

Мұндағы негізгі мақсат — жер беру процесін барынша ашық ету, жер комиссиясының функциясын алып тастау арқылы адами факторды барынша азайту.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында 2024 жылғы 24 қыркүйектен бастап ауыл халқының қажеттіліктері үшін жерлерді қайта бөлу және жер ресурстарын ұтымды пайдалануды бақылау жөніндегі Республикалық комиссия жұмыс істейді. Ағымдағы жылы Республикалық комиссияның екі отырысы өткізіліп, жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелер қаралып, нақты шешімдер қабылданды. ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов ОКҚ баспасөз мәслихатында Мемлекет басшысы айқындаған басым бағыттар бойынша атқарылған жұмыстың негізгі нәтижелеріне тоқталып өтті.

«Жер учаскелерін адал пайдаланып, тұрақты өндірісті қамтамасыз етіп, өз шаруашылығын және ауылдық аумақтарды дамытуға инвестиция салып отырған фермерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Бұған қоса, Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 29 қаңтардағы № 30 бұйрығымен „Жер пайдалану құқығын жалғастыру мәселесін реттеу жөніндегі арнайы комиссияның жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар“ бекітілді. Біріншіден, процеске қатысушылардың барлығының функциялары нақты айқындалды. Екіншіден, міндетті және қосымша өлшемшарттарға негізделген жер пайдаланушылардың адалдығын бағалау жүйесі енгізілді. Сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылдың нақты мерзімдері белгіленді», — деді спикер.

Айта кетерлігі, Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының «Топырақты қорғау туралы» Заңына қол қойды. Бұл Заңның аясында топырақ құнарлығын сақтаудың басымдылығы бекітілді, жер пайдаланушылардың жерді ұтымды пайдалану және қорғау жөніндегі міндеттері кеңейтілді.

Бүгінде Бірыңғай цифрлық жер ресурстары платформасын құру бойынша жұмыстар жалғасуда. Биыл 7 млн га аумақта топырақ зерттеу, 7,5 млн га аумақта геоботаникалық зерттеу, 4 млн гектар аумақта агрохимиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, жалпы аумағы 53,5 млн га жердің жай-күйін бағалау бойынша цифрлық материалдар жасалды.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қалпына келтіру шараларын жүргізуді қажет ететін шамамен 2,7 млн га тозған жерлер анықталды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру рәсімдерінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру бағыты бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру тетігін электрондық конкурстар негізінде цифрлық форматқа көшіру жұмыстарын жүргізуде.

Мұндағы негізгі мақсат — жер беру процесін барынша ашық ету, жер комиссиясының функциясын алып тастау арқылы адами факторды барынша азайту.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.