Қазақстандағы экологиялық бақылау: цифрлық шешімдер және нақты уақыт режиміндегі мониторинг

Министрлік табиғат пайдаланушының өмірлік циклі шеңберіндегі процестерді.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті. Спикерлер мемлекеттік экологиялық бақылауды цифрландыру барысы, эмиссияларды нақты уақыт режимінде автоматтандырылған мониторингтеу жүйесін енгізу және жасанды интеллект технологияларын пайдалану туралы айтып берді.

Министрлік табиғат пайдаланушының өмірлік циклі шеңберіндегі процестерді — экологиялық рұқсаттар алудан және есептілікті ұсынудан бастап эмиссияларды мониторингтеу мен мемлекеттік экологиялық бақылауға дейін цифрландыру жұмыстарын жалғастыруда.

2026 жылғы шілдеде экологиялық жобаларды, оның ішінде ластаушы заттардың таралуын есептеуді және ұсынылған деректердің дұрыстығын тексеруді автоматтандыратын «Сфера-Контроль» цифрлық жүйесі пайдалануға берілді. Бұл экологиялық рұқсаттар беру кезінде адами факторды азайтуға мүмкіндік береді.

Экологиялық саланы цифрландыруда қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі маңызды рөл атқарады. Платформа «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді және өндірістік экологиялық бақылау, қалдықтар мен көміртегі шығарындылары кадастрлары, қоғамдық тыңдаулар, шығарындылар мен ластаушы заттардың тасымалдану тізілімі, сондай-ақ эмиссиялардың автоматтандырылған мониторингі бойынша деректерді біріктіреді.

Негізгі бағыттардың бірі — ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың эмиссияларын үздіксіз бақылауды және деректерді Ұлттық деректер банкіне нақты уақыт режимінде беруді қамтамасыз ететін автоматтандырылған мониторинг жүйесін (АМЖ) енгізу.

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша АМЖ орнатуға міндетті кәсіпорындардың саны 113-ті құрады. Бүгінгі таңда жүйе 90 кәсіпорында орнатылған, оның 85-і деректерді Ұлттық деректер банкіне нақты уақыт режимінде беріп отыр. Бес кәсіпорында жүйеге қосылу және деректерді беру бойынша тестілеу жұмыстары жалғасуда.

2024–2026 жылдары АМЖ орнату талаптарын бұзғаны үшін 48 әкімшілік айыппұл салынып, олардың жалпы сомасы 30,8 млн теңгені құрады. Мониторинг жүйелерін енгізу жұмыстарын 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Тәжірибелік пайдалануға экологиялық ақпаратты, рұқсаттар мен табиғат пайдаланушылардың есептілігін талдайтын, ықтимал экологиялық тәуекелдерді анықтайтын және бақылау іс-шараларын жүргізу үшін аналитика қалыптастыратын EcoAgent жасанды интеллект құралы енгізілуде.

Сондай-ақ TazaQazBot Telegram-боты жұмысын жалғастыруда. Ол азаматтарға экологиялық проблемалар туралы фото және геолокацияны қоса отырып ақпарат жіберуге, өтініштердің мәртебесін бақылауға және фотоесептер алуға мүмкіндік береді. 2024 жылғы маусымда іске қосылған сәттен бастап бот арқылы 56 мыңнан астам өтініш келіп түсті.

Брифинг қорытындысы бойынша спикерлер экологиялық бақылауды цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар бақылау рәсімдерінің ашықтығы мен жеделдігін арттыруға, кәсіпорындардың қоршаған ортаға әсерін мониторингтеуді күшейтуге, сондай-ақ экологиялық тәуекелдерді неғұрлым тиімді анықтауға және уақтылы шешімдер қабылдауға ықпал ететінін атап өтті.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.