Көлік-логистика саласын цифрландыру бойынша ведомствоаралық жобалық топ құрылды

Жобалық топ апталық спринттер форматында жұмыс істейді. Бұл тәсіл барлық бағыттар бойынша тұрақты ілгерілеуді қамтамасыз етеді.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Мемлекет басшысы берген тапсырмаларға сәйкес, премьер-министрдің төрағалығымен өткен кеңесте ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі министр Жаслан Мәдиевтің төрағалығымен көлік-логистика саласын цифрлық трансформациялау бойынша ведомствоаралық жобалық топтың құрылуын ұсынды.

Жобалық топ Цифрлық даму министрінің бұйрығымен құрылды. Құрамына көлік, ауыл шаруашылығы, сауда және интеграция, қаржы министрліктерінің, мемлекеттік кірістер комитетінің, «Қазақстан темір жолы», сондай-ақ авиация және логистика салаларындағы ірі қатысушылардың өкілдері енді.

Топтың мақсаты — транзиттік және мультимодальды тасымалдардың тиімділігін арттыруға, әкімшілік кедергілерді жоюға және саланың цифрлық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жүйелі цифрлық шешімдерді әзірлеу.

Жобалық топтың негізгі міндеттері:

— логистикадағы бизнес-процестерді реинжиниринг жасау
— қолданыстағы ақпараттық жүйелерді талдау және интеграциялау
— нормативтік-құқықтық базаға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар дайындау
— саланың мақсатты архитектурасы мен ИТ-инфрақұрылымын әзірлеу
— стратегиялық нүктелерде, оның ішінде «Қорғас» ХШЫО-да цифрлық шешімдерді енгізу
— «Қазақстан темір жолы» жүйелерінен Smart Data Ukimet мемлекеттік деректер жүйесіне логистикалық деректерді беру және өңдеуді қамтамасыз ету
— халықаралық үздік тәжірибелерді зерделеп, бейімдеу

Қойылған міндеттерді жедел және фокусталған іске асыру үшін бейінді ведомстволар мен ұйымдардың қызметкерлері толық жұмыспен қамту жағдайында жобалық топтағы жұмысқа іссапарға жіберілді.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.