Қасым-Жомарт Тоқаев YTO Express атқарушы директоры Чжоу Цзянь мен Pinduoduo компаниясының халықаралық бизнес жөніндегі жетекшісі Вэн Пэйчэнді қабылдады
Кездесу барысында Вэн Пэйчэн биыл қазан айында Қазақстанда Pinduoduo компаниясымен бірлескен жобаның іске қосылатынын айтты.
Әңгімелесу барысында логистика және электронды коммерция саласында, соның ішінде «Бір белдеу, бір жол» бастамасын іске асыру аясында өзара тиімді ынтымақтастық құруға мүмкіндік мол екені атап өтілді.
Президенттің айтуынша, еліміз 2030 жылға қарай жалпы саудадағы электронды коммерцияның үлесін 20 пайызға дейін жеткізуді көздеп отыр. Мемлекет басшысы бұл ретте қытайлық серіктестермен бірлесе аталған міндетті мерзімінен бұрын орындауға болады деп санайды.
Кездесуде Almaty SkyHub көлік-логистика хабын құру жобасына айрықша мән берілді. Мақсат — Еуропалық одақ, ЕАЭО және Орталық Азия елдеріне шығатын тауарларды жедел рәсімдеу. Осы бастама Қазақстанның оңтүстік өңірінде көлік-логистика саласының дамуына тың серпін бермек.
Мемлекет басшысы интеллектуалды IT-шешімдерді кеңінен қолданатын әрі логистика үдерісін автоматтандырған Qazpost-YТО бірлескен кәсіпорнының жұмысын оң бағалады. Бүгінге дейін YTO Express пен «Қазпошта» құрған кәсіпорын 12,5 миллион сәлемдеме жөнелткен.
Чжоу Цзянь ірі жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. YTO Express атқарушы директоры Қазақстан Президентіне компанияның тиімді жеткізу тізбегін жолға қою, сондай-ақ логистика үдерісін цифрландыру тәжірибесі туралы мәлімет берді.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Security Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Security Day 2026, посвященной информационной безопасности в Казахстане.
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.