Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ делегациясын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен БАӘ делегациясы G42 компаниясының Екібастұзда «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» ауқымды экожүйесін құруға қатысу мүмкіндігін қарастырды.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Мемлекет басшысы БАӘ Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл Әл-Мазруи мен Абу Даби әмірлігі Денсаулық сақтау департаментінің төрағасы, G42 International компаниясының бас директоры Мансур әл-Мансуримен кездесті. Президент берік достық байланысқа, өзара сенімге, стратегиялық серіктестікке негізделген Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы қарым-қатынас ерекше сипатқа ие екенін атап өтті. Сонымен қатар БАӘ Қазақстанның ірі шетелдік инвесторларының ондығына кіретінін айтты. 2025 жылы елімізге Әмірліктерден 1,64 миллиард доллар тікелей инвестиция тартылып, бұл көрсеткіш 3,5 есе ұлғайған.

Қасым-Жомарт Тоқаев орайлы сәтті пайдалана отырып, БАЭ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянға, БАӘ Вице-Президенті, Премьер-министрі, Дубай Әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға, БАӘ Вице-президенті шейх Мансұр бен Заид Әл Наһаянға ыстық ықыласын жолдады.

Кездесуде көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуға баса мән берілді. Бұдан бөлек, AD Ports Group компаниясымен бірлескен жобаларды іске асыру, Каспий теңізінде портты инфрақұрылым мен флотты дамыту, сондай-ақ Орта дәлізді нығайту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар ТрансАуған дәлізінің перспективасы мен теңіз, теміржол, автокөлік және әуе тасымалы бағыттарындағы ұзақмерзімді серіктестікті қалыптастыру жайы қарастырылды.

Жасанды интеллект пен цифрландыру салаларындағы серіктестік те әңгіме арқауына айналды. Мемлекет басшысы Presight AI компаниясымен суперкомпьютер инфрақұрылымы жобаларын іске асыру, Smart City және көлік қозғалысы бейнемониторингінің ұлттық жүйесін құру бойынша ықпалдастықты жоғары бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен БАӘ делегациясы G42 компаниясының Екібастұзда «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» ауқымды экожүйесін құруға қатысу мүмкіндігін қарастырды.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен БАӘ қарым-қатынасын дамытуға қосқан үлесі үшін Сухейл Әл-Мазруиді және Мансур әл-Мансуриді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.