Следите за новостями

Цифра дня

88% доля безналичных платежей в розничном обороте в 2026 г.

    Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект пен цифрландыру саласындағы жобалармен танысты

    Президент AI & Digital Bridge 2026 халықаралық ІТ форумы аясында жасанды интеллект, цифрлық технология және роботты техника салаларындағы перспективті жобалар көрмесіне барды.

    2 октября 2026 12:18, Profit.kz
    Рубрики:

    Мемлекет басшысына Qazaq AI Research University базасында жасалған AI-Enabled University моделі, Trusted Kazakhstan, ALFA жобалары, Aitu ұлттық мессенджерінің жаңа функционалдық мүмкіндіктері көрсетілді.

    Бұдан бөлек, көрме қонақтары «Самұрық-Қазына» қоры мен Higgsfieldai компаниясының интеллектуалдық шешімдерімен және «Деректерді өңдеу орталығы алқабын» дамыту жоспарымен танысты.

    Ұсынылған әзірлемелер жасанды интеллектіні экономика мен мемлекеттік басқарудың түрлі саласына енгізуді, отандық цифрлық инфрақұрылымды қолдауды және Қазақстанның өңірлік технологиялық хаб ретіндегі позициясын нығайтуды көздейді.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.