Цифрландыру шекарада жүк күту уақытын 10 есеге қысқартты

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Digital Qazaqstan стратегиясы шеңберінде цифрлық жобалардың жүзеге асырылуы туралы баяндады.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Министрдің сөзінше басты міндет — жүктерді тиімді тасымалдау, жолдарды сақтау және азаматтар мен бизнеске қызмет көрсету уақытын қысқарту. Ол «7-ші бағыт» бойынша негізгі индикаторлар белгіленгенін атап өтті.

«Өткізу пункттерінен жүк көлігінің өту уақыты 30 минуттан аспауы керек. Цифрлық паспорты бар және жүктерді маршрут бойы бақылау көлемі артады. Бұл көрсеткіш биыл — 20%-ды, 2027 жылы — 60%-ды, 2028 жылы — 80%-ды құрайды. Жұмыстар жоспар бойынша жүргізіліп жатыр. Бағдарлама ішінде екі жоба бақылауда тұр, ол Smart Cargo және е-KOLIK. Smart Cargo платформасы 58 дереккөзді біріктіреді. Ол, халықаралық жүктер жолға шыққан сәттен бастап жеткенше қадағалайды», — деді министр.

Сонымен қатар ведомство басшысы «Нұр Жолы» өткізу пунктінде тасымалдың цифрлық паспорты іске қосылғанын айтты. Қағаз талонның орнына бірыңғай QR-код қолданылады. Бүгінгі күні 11 мыңнан астам паспорт рәсімделді. Жүк өткізу жылдамдығы 30%-ға артты. «Нұр Жолы — Қорғас» бағытында кезекті күту уақыты 10 есеге қысқарды.

«Келесі қадам, басқа мемлекет платформаларымен интеграция жасау. е-KOLIK жүйесі саладағы барлық цифрлық шешімдерді біріктіретін орта. Жүйе жасанды интеллектпен жұмыс істейді. Жүйені сенімді деректермен қамтамасыз ету үшін Smart Data Transport деректер базасы құрылды. Бүгінгі күні оған 9 дереккөзі қосылды. Олардың санын 40-қа дейін кеңейту жоспарлануда. Жасанды интеллект деректер негізінде 100% көлік желісін талдауды және бақылауды қамтамасыз етеді. Министрлікте цифрлық форматқа көшіп жатыр. Бүгінгі күні, серверлер, сымсыз желі және жұмыс орындары жаңартылды. Көліктің барлық түрі бойынша бірыңғай ахуалдық талдау орталығы құрылды», — деді ведомство басшысы.

Министр азаматтардың өтініштері жасанды интеллект көмегімен әзірленетінін атап өтті. Жауаптар автоматты түрде дайындалады және бірыңғай жүйеде келісіледі. Шағымдарды қоспағанда, өтініштерді қарау мерзімі 15 күннен 3 жұмыс күнге қысқарды. Мақсат — 1 күнге дейін жеткізу. Министрлік Digital Qazaqstan стратегиясын жүзеге асыру үшін жұмысты жалғастырады.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.