ҚТЖ-да өткелдердегі бейнеталдау жүйелерінің сынағы аяқталды
Талдау көрсеткендей, өткелдердегі апаттар көбінесе көлік жүргізушілерінің кінәсінен орын алады.
«„Қазақстан темір жолы“ ҰК» АҚ-да жыл сайын осы мәселені шешуге көбірек көңіл бөлінуде. Компанияда Жаңа — Қарағанды — Майқұдық аралығының 721 км өткелінде ӨАБТЖ-М темір жол өткелдері үшін бейне талдаудың автоматтандырылған жүйесін пайдалану сынақтары жүргізілді.
ӨАБТЖ-М бейне талдау автоматтандырылған жүйесі «„ҚТЖ“ ҰК» АҚ қызметтерін теміржол өткелінде кедергілердің болуы туралы автоматты түрде ескертуге және теміржол өткелдеріндегі жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдау үшін өңірдің тиісті ұйымдарына ақпарат беруге арналған.
АБТЖ-М темір жолдарының автомобиль жолымен қиылысу жеріндегі өту аймағының жай-күйін үздіксіз бағалауды қамтамасыз етеді. Жүйе өткелдің бақыланатын аймағындағы оқиғалардың бейнежазбасын, үй-жай ішіндегі жазуды қоса алғанда, өткелдегі кезекшінің жұмыс аймағы оқиғаларының бейнежазбасын жүзеге асырады. Ол өткел кезекшісінің штаттан тыс жағдайдың туындауы мәніне қарай өткелдің жай-күйін қадағалайды және хабарлайды.
Пайдалану сынақтары екі кезеңде өтті. Бірінші кезең — жұмыс істеу қабілетін бақылауды тексеру, нейрондық желіні оқыту. ӨАБТЖ-М жұмыс қабілеттілігін тексеру кезекшінің дисплейіндегі бейнекамералардан кескіннің болуын, сондай-ақ осы кескіннің өзектілігін визуалды бақылаудан тұрды (сурет қатып қалмады). Екінші кезең — бейне талдау функционалдығын қоса, жүйенің жұмысын бақылауды тексеру.
Сынақ қорытындысы бойынша бейне талдау жүйесі «„ҚТЖ“ ҰК» АҚ магистральдық теміржол желісінде қолдануға және енгізуге ұсынылғаны атап өтілді.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.