ІІМ-нің цифрлық шешімдері мен «ақылды жаяу жүргінші» жүйесі жол қауіпсіздігін арттыруда
Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ержан Саденов жол қауіпсіздігі саласында цифрлық технологияларды қолдану нәтижелері туралы баяндады.
«ТОР» платформасы: ведомствоның барлық салалық цифрлық сервистерін біріктірді. Жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы көлік құралдарына мониторинг жүргізіліп, рөлде 8 сағаттан астам отырған жүргізушілер анықталады, сондай-ақ автокөліктер іздестіріледі.
«Ақылды жаяу жүргінші» жүйесі: өңірлерде жаяу жүргіншілерге жол бермеген автокөліктерді тіркейтін 126 құрылғы жұмыс істейді. Олар орнатылған жерлерде жаяу жүргіншілерді қағып кету фактілері тіркелмеген.
«Қорғау» жүйесі: жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген, іздеуде жүрген көлік құралдарын жедел анықтауды, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзатын жүргізушілердің құқық бұзушылықтарын тіркеуді қамтамасыз етеді.
Құқық бұзушылықтарды тіркейтін автоматтандырылған кешендер: еліміздің жолдарындағы мұндай жүйелердің саны 28 мыңнан 32 мыңға дейін ұлғайтылды.
Лазерлік жүйелер: түнгі уақытта және ауа райы жағдайы нашарлаған кезде қозғалыс бағытын көрсету үшін жолдардың 22 учаскесіне 56 құрылғы орнатылды. Жыл соңына дейін тағы 20 учаскеге 48 жүйе орнату жоспарлануда.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Үкімет отырысында қабылданған шаралар нәтижесінде жол апаты көрсеткіштерінің төмендеуі байқалғанын хабарлады: жол-көлік оқиғаларының саны 5%-ға; қаза тапқандар саны — 15%-ға; зардап шеккендер саны — 6%-ға азайды.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.