Следите за новостями

Цифра дня

75% банков в Казахстане используют ИИ в ключевых бизнес-направлениях

    Астанада дрон-футболдан халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды

    Елордада Astana FIDA Drone Soccer Open Cup 2026 халықаралық турнирі аяқталды.

    12 октября 2026 12:34, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Екі күнге созылған жарысқа Қазақстанның түрлі өңірлерінен 20-ға жуық команда және Түркиядан келген команда қатысты. Турнир Drone Soccer Class 20 санатында өтті. Қатысушылар дрондарды басқару шеберлігін, жылдамдық пен дәлдікті, командалық үйлесімділік пен тактикалық ойлау қабілетін көрсетті.

    Жарыс қорытындысы бойынша:

    — I орын — «Surprise» командасы, Астана қаласы;
    — II орын — «SkyWings» командасы, Ақтөбе қаласы;
    — III орын — «Qara Steed» командасы, Астана қаласы.

    Халықаралық турнир жас дрон пилоттарының тәжірибе алмасуына, техникалық дағдыларын жетілдіруіне және дрон-футболды кеңінен насихаттауға мүмкіндік берді.

    Дрон-футбол спорттық бәсекені инженерлік-техникалық біліммен ұштастырып, жастардың заманауи технологияларға қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.