ЖИ көмегімен ЖЭК генерациясын болжау дәлдігі 80%-ға дейін артады
«Самұрық-Энерго» АҚ жаңартылатын энергетика нысандарында электр энергиясын өндіруді жоспарлау үдерістерін цифрландыру жобасын жүзеге асыруда.
Жасанды интеллект пен машиналық оқытуға негізделген шешімді 2026 жылдың соңында іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.
Болжау дәлдігі жел генерациясы нысандары үшін ерекше маңызды, өйткені өндірілетін электр энергиясының көлемі метеорологиялық жағдайларға тікелей байланысты. Атап айтқанда, құбылып тұратын әрі болжау қиындыққа түсетін желдің жылдамдығына тәуелді.
Шешімнің негізінде метеорологиялық қызметпен интеграцияланған жасанды интеллект моделі жатыр. Жүйе жел электр станцияларында электр энергиясын өндіруді болжауға қажетті кеңістікте және уақытқа сай нақтылай отырып, метеорологиялық деректерді барынша өңдейтін болады.
ЖИ моделін оқыту және бейімдеу үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі (ЭКЕАЖ) және SCADA жүйелерінен алынған тарихи әрі жедел деректер — электр энергиясын өндірудің нақты көрсеткіштері мен жабдық жұмысының технологиялық параметрлері пайдаланылатын болады. Бұл нақты пайдалану жағдайларын ескеруге және генерацияны болжау дәлдігін 80%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде операциялық жоспарлаудың тиімділігі артып, нақты өндірілген электр энергиясы көлемінің мәлімделген көлемнен ауытқуына байланысты қаржылық шығындар азаяды.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Security Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Security Day 2026, посвященной информационной безопасности в Казахстане.
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.