Следите за новостями

Цифра дня

4 трлн тенге — прогноз рынка e-com Казахстана в 2025 году

    Студенттер, ЖИ және ҚТЖ: салалық хакатон алаңында локомотивтің цифрлық ұқсастық нұсқасы таныстырылды

    «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ NU және Higgsfield-пен (отандық AI стартапы) бірлесіп, цифрлық шешімдерді іздеуге бағытталған хакатон өткізді.

    14 апреля 2026 09:35, Profit.kz
    Рубрики:

    ҚТЖ қатысушыларға «Қиындықсыз телеметрия: Локомотив телеметриясын визуализациялау» SWE-кейсін ұсынды. Тәулік ішінде еліміздің түрлі жоғары оқу орындарының 56 командасы нақты уақыт режимінде локомотивтің жай-күйін мониторингілеуге және ықтимал ақауларды ерте анықтауға арналған прототиптері мен қолданбалы шешімдерін әзірледі.

    Нәтижесінде ҚТЖ одан әрі пысықтау және енгізу үшін пайдаланылуы мүмкін бірқатар перспективалы прототиптерге ие болды. Іс-шара форматы қысқа мерзімде ондаған технологиялық гипотезаларды сынақтан өткізуге және ең тиімді тәсілдерді анықтауға мүмкіндік берді.

    Хакатон қорытындысы бойынша:

    — 1 орынды NU-ның «Хакнущики»;
    — 2 орынды NaN;
    — 3 орынды ForCode студенттер командасы иеленді.

    Бұл форматтағы хакатондар жасанды интеллект шешімдерін енгізуге ғана емес, сонымен қатар дайындығы бар IT-мамандардың кадрлық резервін қалыптастырады.

    Компания отандық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты жалғастыруға және көлік саласына жаңа идеялар мен технологияларды тарту құралы ретінде осындай форматтарды дамытуға ниетті.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.