Павлодарлық 13 жастағы программист республикалық олимпиаданың ең жас жеңімпазы

Павлодарлық 7-сынып оқушысы Имран Кусановтың бастауыш сыныптан-ақ компьютерлік бағдарламалауға, математикалық есептерге қызығушылығы жоғары.

, Profit.kz

Әсіресе, информатика пәнінен ерекше алғырлық көрсетіп, алгоритмдік есептерді оңай шешеді. Биыл ол республикалық Ауыл олимпиадасында жасының кішілігіне қарамастан, 9 сынып оқушыларымен бірге сынға түсіп, нәтижесінде информатикадан 1-орын иеленді. Оның зеректігі мен есептерді шешудегі алғырлығы, ойлау қабілетінің жүйріктігі қазылар алқасын да таң қалдырып, ол олимпиаданың ең жас қатысушысы атанды. Имранның жетекшісі, информатика пәнінің мұғалімі Соян Ертайдың 18 жылдық тәжірибесі бар.

«Мен ұстазыммен күнделікті дайындаламын. Олимпиадада алгоритмдік есептер, деректермен жұмыс және бағдарламалық шешімдер әзірлеу сынды күрделі тапсырмалар беріледі. Әр кезең мен үшін қызықты болды, тапсырмалар күрделенген сайын өзімді дамытуға ұмтылдым», — дейді жас дарын Имран Кусанов.

Айта кетерлігі, Имран осы олимпиадаға 5-сыныптан бері үзбей қатысып, жоғары сыныптардың есептерін шешіп келеді. Бұған дейін де ол жеңіс тұғырынан көрініп, 2, 3 орындарды иеленген.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.