Следите за новостями

Цифра дня

9 спутников — Казахстан создаст международную группировку к 2030 году

    Қазақстандық оқушы әлемдегі үздік бес жас бағдарламашының қатарына енді

    Ташкент қаласында 92 елден 375 оқушы қатысқан Информатикадан халықаралық IOI 2026 олимпиадасы аяқталды.

    26 августа 2026 13:38, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Қазақстан құрамасының төрт мүшесі де жүлде иеленді. Ұлттық құрама 1 алтын және 3 күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Әлемдік командалық есепте 10-орынға ие болды. Бұл — Қазақстан құрамасының олимпиада тарихындағы үздік нәтижелерінің бірі.

    Астана қаласындағы «Spectrum» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы Максим Цой алтын медаль жеңіп алып, жеке есепте 5-орын иеленді. Осылайша ол әлемдегі үздік бес жас бағдарламашының қатарына енді.

    Астана қаласындағы дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Алдияр Сейтбай, Қызылорда облысындағы дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Мансур Мамадахунов, Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы Асқар Әкежан күміс медаль иегерлері атанды.

    Қазақстан құрамасының жетекшілері — Astana IT University бас жаттықтырушысы Темірлан Сатылханов, International University of Information Technology синьор-лекторы Қуанышбай Айбар.

    2025 жылы қазақстандық оқушылар 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алып, әлемдік командалық есепте 14-орын иеленген болатын. Биыл ұлттық құрама өз нәтижесін төрт сатыға жақсартты.

    Қазақстандық оқушылар Информатикадан халықаралық олимпиадаға қатысқан жылдар ішінде барлығы 79 медаль жеңіп алды.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.