Қазақстан мен Корея Alatau Smart City жобасын дамыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Кореяның шетелдік инфрақұрылым және қалалық даму корпорациясының президенті және бас директоры Ким Пок-хванмен кездесу өткізді.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Бүгін Астанада өткен кездесу қазан айында Сеулде «Alatau Rise with Kazakhstan» роуд-шоуы аясында өткен келіссөздердің жалғасы болды. Іс-шарада қазақстандық тарап Алатау смарт-қаласын елдің стратегиялық маңызды жобаларының бірі ретінде таныстырды.

«Көптеген корей компаниялары біздің келешегі зор Alatau Smart City жобамызды қолдады, бұл бізді қуантады. KIND инфрақұрылымдық құрылыс жобаларына, соның ішінде энергетика, сумен жабдықтау, су тазарту, сарқынды суларды өңдеу және су бұру, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бағыттарындағы жобаларға EPC-келісімшарттары немесе девелопмент форматы бойынша қатыса алады», — деді Қанат Бозымбаев.

Кездесу барысында тараптар логистика және порт инфрақұрылымы саласындағы өзге де әлеуетті жобалар бойынша бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндіктерін талқылады. Кең ауқымды ынтымақтастық әлеуетін ескере отырып, вице-премьер KIND басшысына Қазақстанда корпорация кеңсесін ашуды ұсынды.

Келіссөздер нәтижесінде Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, «Alatau City Authority» мемлекеттік қоры және Кореяның шетелдік инфрақұрылым және қалалық даму корпорациясы арасында Alatau Smart City жобасын дамыту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.