Следите за новостями

Цифра дня

Больше 706 тысяч студентов прошли обучение ИИ в Казахстане

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оңтүстік Корея Премьер-министрі Хан Сон Сук Alatau Smart City жобаларымен танысты

    Alatau City жобасы қала құрылысы, білім беру және зерттеу, өнеркәсіп пен логистика, цифрлық технологиялар, инвестициялық ынтымақтастық салаларын біріктіретін ашық халықаралық платформа саналады.

    16 сентября 2026 11:39, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Іс-шарада заманауи инфрақұрылым жасақтау, инвестицияға қолайлы жағдай жасау, цифрлық технологияларды енгізу және қаладағы қозғалыстың жаңа түрлерін ілгерілету секілді қаланы дамытудың негізгі бағыттары таныстырылды.

    Корейлік серіктестерді жобаны жүзеге асырудың нақты шараларына тартуға баса назар аударылды. Атап айтқанда, KIND, KAIST және Korea Airports Corporation компанияларымен K-Smart қалашығын құру, білім беру, R& D инфрақұрылымы, қалалық әуе қозғалысы, цифрлық модельдеу, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын енгізу салаларында бірлескен бастамалар ұсынылды.

    Бұдан бөлек, қаланың әуе қозғалысын басқарудың UAM/UTM жүйесі таныстырылды. Ол ұшқышсыз ұшу аппараттары мен аэротаксиді пайдалану мүмкіндігін қарастырады.

    Alatau City жобасы қала құрылысы, білім беру және зерттеу, өнеркәсіп пен логистика, цифрлық технологиялар, инвестициялық ынтымақтастық салаларын біріктіретін ашық халықаралық платформа саналады.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.