Қазақстан мен Корея Республикасы ғарыш саласындағы ынтымақтастықты дамытып келеді

Ғарыш саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге ҚР ЖИЦДМ жанындағы Аэроғарыш комитеті, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК" АҚ және CONTEC Co., Ltd. компаниясы қол қойды.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің орынбасары — Премьер-Министрдің орынбасары Жаслан Мәдиев бастаған Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің делегациясы бірқатар кездесулер өткізіп, ғарыш саласындағы ынтымақтастық жөнінде меморандумдарға қол қойды.

Олардың қатарында ҚР ЖИЦДМ жанындағы Аэроғарыш комитеті мен Кореяның аэроғарыш агенттігі (KASA) арасындағы ғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының үшінші отырысы өтті.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен оны одан әрі дамыту мүмкіндіктері, сондай-ақ ғарыш қызметі саласындағы өзара іс-қимылдың перспективалы бағыттары талқыланды.

Ғарыш саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге ҚР ЖИЦДМ жанындағы Аэроғарыш комитеті, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ және CONTEC Co., Ltd. компаниясы қол қойды.

Келісім спутник жасау, жерүсті инфрақұрылымын дамыту, Жерді қашықтан зондтау деректерін өңдеу және коммерцияландыру, сондай-ақ Қазақстан, Корея Республикасы, Орталық Азия елдері және басқа да мемлекеттер нарықтарындағы қатысуды кеңейту бағыттарында стратегиялық өзара іс-қимылды көздейді.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ, «Ghalam» ЖШС, CONTEC Co., Ltd. және APSI арасында қазақстандық «Ghalam» ЖШС-мен технологиялық және инвестициялық өзара іс-қимылды дамыту жөнінде инвестициялық келісімге қол қойылды. Құжат кәсіпорынның әлеуетін нығайтуға және жаңа технологиялық құзыреттерді дамытуға бағытталған.

Ынтымақтастықтың практикалық жалғасы ретінде «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен Nara Space Technology Inc. арасында Қазақстан аумағындағы метан шығарындыларын мониторингтеу үшін спутниктік деректер ұсыну туралы келісім жасалды.

Келісім GYEONGGISat-2A және GYEONGGISat-2B спутниктерінен, сондай-ақ метан шығарындылары көздерін бақылауға арналған NarSha спутниктік тобынан деректер ұсынуды көздейді. Алынған ақпаратты Қазақстанның мемлекеттік органдары мен өнеркәсіп саласының өкілдері пайдалана алады.

Спутниктік деректерді қолданудың негізгі бағыттарының бірі мұнай-газ саласындағы нысандардан, соның ішінде мұнай өңдеу кәсіпорындары мен табиғи газ инфрақұрылымынан шығатын метан шығарындыларын мониторингтеу болады. Деректерді MRV (Measurement, Reporting and Verification) жүйелері аясында өлшеу, есептілік және верификация бойынша талдамалық ақпарат қалыптастыру үшін де пайдалануға болады.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.