Астана тұрғындары жедел жәрдем бригадасының қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылай алады

Бұл шешім шұғыл қызметтердің жұмысын ашық етуге, азаматтардың алаңдаушылығын азайтуға, сондай-ақ диспетчерлерге түсетін жүктемені төмендетуге бағытталған.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, елорда тұрғындарының шақырылған жедел жәрдем бригадасының қозғалысын нақты уақыт режимінде қадағалауға мүмкіндік беретін жаңа цифрлық сервисті енгізу бойынша пилоттық жобаның іске қосылғанын хабарлайды. Жеделдіктің бірінші санаты бойынша шақырту түскен жағдайда, жүйе өтініш берушіге автоматты түрде интерактивті картаға сілтемесі бар SMS-хабарлама жібереді. Картаны браузер арқылы ашқан пайдаланушы жедел жәрдем көлігінің бағытын нақты уақытта бақылай алады.

Астана қаласы жедел жәрдем қызметінің мәліметінше, операторлар күн сайын 6000-ға дейін кіріс қоңырау қабылдайды, олардың 40%-ға жуығы — жедел жәрдемнің келу уақытын нақтылауға байланысты қайталама қоңыраулар.

Автоматтандырылған хабарландыру жүйесін енгізу осындай қоңыраулардың санын айтарлықтай азайтып, ресурстарды жаңа шұғыл шақыртуларды өңдеуге жұмылдыруға мүмкіндік береді.

Жоба алғашқы кезеңде Астана қаласында жеделдіктің бірінші санаты бойынша кейбір шақыртуларға қолжетімді болады. Алдағы уақытта бұл жобаны Қазақстан аумағындағы барлық шұғыл шақыртуларға кеңейту жоспарлануда.

«Жедел жәрдем бригадасының қозғалысын көру мүмкіндігі — технологиялар арқылы ашықтықты қамтамасыз ету, шақырған адамдардың алаңдаушылығын азайту және диспетчерлерге түсетін жүктемені азайтудың бір мысалы. Сонымен қатар, цифрлық хабарлама беру бригаданың келуіне дайындалуға көмектеседі, мысалы, ауладағы шлагбаумды ашу немесе пациенттің құжаттарын дайындау секілді», — деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов.

Денсаулық сақтау министрлігі елдің барлық азаматтары үшін медициналық көмектің сапасын, қолжетімділігін және жеделдігін арттыру мақсатында денсаулық сақтау жүйесіне цифрлық шешімдерді енгізуді жалғастырады.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.