Қағаз күйіндегі медициналық анықтамалардан бас тарту көлеңкеден 7,5 млрд теңгені шығарды

Бұрын Қазақстанда медициналық анықтамаларды ресімдеу қағаз күйінде жүргізілген, бұл деректердің жоғалуына және құжаттарды берудің кешігуіне әкеп соқтырды.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Бүгінгі таңда барлық анықтама Денсаулық сақтау министрлігінің бірыңғай жүйесінде сақталады және ақпарат онлайн режимде қолжетімді. Қызметті цифрландыру нәтижелері туралы ОКҚ алаңында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун айтып берді.

«Қағаздан бас тартудың арқасында 450 млн теңге үнемделді. Министрлік жанындағы Цифрлық ақпарат орталығының бағалауы бойынша 7,5 млрд теңге көлеңкеден шығарылды», — деді спикер.

Оның айтуынша, жүйені цифрландырудан кейін берілген анықтамалар саны бірнеше есе өсті. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің төмендеуін көрсетеді. Сонымен қатар Дмитрий Мун балабақшаларға қабылдау және балаларды бір мектептен екінші мектепке ауыстыру процестерін оңтайландыруды атап өтті. Енді құжаттар онлайн режимінде беріледі. Бұл балабақшаға қабылдауды күту мерзімін 21 күннен 5 күнге дейін қысқартып, тиімділікті 66% — ға арттырды. Баланы басқа мектепке ауыстыру үшін ата-аналар онлайн режимінде өтініш бере алады. Барлық қажетті құжат, соның ішінде оқушының жеке ісі цифрлық форматта сақталады және мектепті ауыстыру кезінде қолжетімді болады. Егер бұрын қабылдау және ауыстыру процесі 5 күнге созылса, қазір ол 1 күнде орындалады, бұл процесті 66%-ға тиімдірек ұйымдастыруға мүмкіндік берді.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.