Следите за новостями

Цифра дня

150 тысяч фишинговых SMS разослали абонентам в РК

    Цифрлық талдау нәтижесінде медициналық көрсеткіштер бойынша 10 мыңнан астам жүргізуші куәлігін қолдану тоқтатылды

    Қазақстанда Денсаулық сақтау министрлігінің, Бас прокуратураның және Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелерін интеграциялау көлік құралын басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдері бар азаматтарды анықтауға мүмкіндік береді.

    14 сентября 2026 15:12, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Деректер алмасуды цифрландырудың нәтижесінде 10 мыңнан астам адамның жүргізуші куәлігін қолдануы тоқтатылды. Денсаулық сақтау министрлігі динамикалық медициналық бақылауда тұрған және көлік құралын басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдері бар азаматтар туралы мәліметтерді ұсынады.

    «Бұл жұмыс әрі қарай да жалғасын табады. Көлік құралын басқаруға болмайтын аурулар тізбесі нозологияның сегіз түрін қамтиды», — деді денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов.

    Сондай-ақ жүргізуші куәлігін алу кезінде медициналық куәландыру процесі де цифрландырылды. Медициналық анықтама электрондық форматқа көшіріліп, медициналық комиссия қорытындылары ақпараттық жүйелерде көрсетіледі.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.