Олжас Бектенов Екатеринбургтегі ИННОПРОМ өнеркәсіп көрмесіне қатысты

Өнеркәсіпті цифрлық трансформациялауға назар аударылды.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Қазақстан Республикасының премьер-министр Олжас Бектенов Екатеринбургтегі XVI «ИННОПРОМ» халықаралық өнеркәсіп көрмесінің алаңында өткен «Индустрия 360: шекарасыз өндіріс» сессиясына қатысты. Пленарлық сессияға Ресей Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустин, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Премьер-министрі Александр Турчин, Қырғызстан Премьер-министрі Адылбек Қасымалиев, Индонезия, Иран, Түрікменстан, Мьянма, Сейшель аралдары, Тәжікстан, Өзбекстан, БАӘ, Вьетнам, Венесуэла үкіметтерінің өкілдері және тағы да басқалар қатысты.

«Қазақстан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен озық дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Жалпыұлттық референдумда қабылданған Конституция ауқымды саяси және институционалдық реформаларды нығайта түсті. Біз барлық елдермен ашықтық пен сындарлы әріптестікке негізделген Әділетті әрі Озық Қазақстанды дамыту бағытын дәйекті түрде жалғастырып келеміз. Адами капиталды, ғылым мен инновацияны дамыту — мемлекет қызметінің негізгі қағидаттары. Мұндай тәсіл инвесторлардың сенімін нығайтуға, экономиканы жаңғыртуға және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге қолайлы жағдай жасайды», — деп атап өтті премьер-министр.

Қазақстан шикізатты терең өңдеу, заманауи материалдар жасау және ғылымды көп қажет ететін өндірістерді дамыту салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі. Инвесторлар үшін мемлекеттік қолдау шаралары, салықтық және кедендік преференциялар, Altyn Visa арнайы визалық режимі және «бір терезе» қағидаты бойынша жобаларды сүйемелдеу қолжетімді. Инвестициялар үшін басым бағыттар машина жасау, металлургия, мұнай-газ химиясы, химия саласы, заманауи құрылыс материалдары мен жоғары қайта бөлу өнімдерін өндіру болып қала береді.

Өнеркәсіпті цифрлық трансформациялауға назар аударылды. Қазақстан деректерді талдаудың интеллектуалды жүйелерін, байланыстың өтпелі технологияларын, бұлтты платформаларды және жаңа буын бағдарламалық шешімдерді өндірістік контурға дәйекті түрде енгізуде. Өңдеу секторында цифрлық құралдарды пайдаланатын кәсіпорындардың үлесі 2022 жылғы 13%-дан 2025 жылы 21%-ға дейін өсті, ал өнеркәсіптік интернет заттарды пайдаланатын өндірістер саны 7 мыңға жетті.

Көрме барысында елдердің делегация басшылары машина жасау, металлургия, өнеркәсіптік жабдықтар, инновациялық өндірістік шешімдер және заманауи технологиялар саласындағы әзірлемелерді қарап танысты. Қазақстандық павильонда отандық кәсіпорындардың металлургия, машина жасау, IT, тамақ өнеркәсібі және тағы да басқа салалардағы әзірлемелері ұсынылды. Экспозицияға қатысушылар арасында Qarmet, Қазақмыс, Alageum Electric, KamLitKZ, Tengry Tyres, Orda Glass, Silk Road Electronics, BTS ERG және тағы да басқалар бар.

Жалпы алғанда Қазақстан Республикасының павильоны басқа да салалармен қатар өнеркәсіптік ЖИ, микроэлектроника және технологиялық білім беру салаларындағы әзірлемелерді де қамтиды. CoreInsight компаниясы «ИННОПРОМ» қатысушыларының назарына ЖИ негізінде өндірістік жүйелердің деректерін біріктіретін, графиктерді, факторлық талдауларды және инженерлерге арналған ұсыныстарды қалыптастыратын өндірістік деректерді талдау платформасын ұсынды. Ал Texer.ai компаниясы камераларға, датчиктерге және өнеркәсіптік контроллерлерге арналған арнайы чиптер саласындағы шешімдерді жасап шығарған. Технология шикі деректерді сыртқы контурға жібермей, тікелей құрылғыда өңдеуге және сақтауға мүмкіндік береді. Artisan Education білім беру платформасы оқушылар мен студенттердің заманауи технологиялық білімге қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған. Жоба орта және жоғары білім беру орындарының Astana Hub-тың өңірлік кеңселерімен өзара іс-қимыл экожүйесін қалыптастырады және өңірлерді индустриялық тұрғыда дамыту үшін қажетті кадрлық әлеуетті дайындауға бағдарланған.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.