Қазақстан, Clearbrook және AG-Tech энергия сақтау жүйелерін өндіретін зауыт салады
Құжатқа қол қою рәсімі Вашингтон қаласында өткен C5+1 бизнес-конференциясының аясында өтті.
Қазақстан Республикасының жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Clearbrook Energy Solutions компаниясы және қазақстандық AG-Tech Қазақстанда энергия сақтау жүйелерін (BESS) өндіретін зауыт салуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Жоба Қазақстанның энергетикалық ауысу стратегиясындағы маңызды қадам болмақ. Ол елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып, жаңартылатын энергия көздерін интеграциялауға мүмкіндік береді. Жалпы инвестиция көлемі 350 миллион АҚШ долларын құрайды. Clearbrook компаниясы виртуалды электр станциялары мен энергия сақтауға арналған технологияларды ұсынса, AG-Tech — елдің энергетикалық инфрақұрылымына цифрлық шешімдерді бейімдеу мен интеграциялауды қамтамасыз етеді.
«Бұл жоба Қазақстан үшін стратегиялық маңызға ие. Ол цифрлық инфрақұрылым мен ұлттық технологиялық жобаларды жүзеге асыруда маңызды болып саналатын тұрақты әрі сенімді энергия жүйесін құруға мүмкіндік береді», — деді Қазақстан Республикасының премьер-министрінің орынбасары, жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.
«Қазақстан энергетикалық тәуелсіздігі мен цифрлық инфрақұрылымын нығайту бағытында батыл қадамдар жасап жатыр. Clearbrook Energy Solutions компаниясы Қазақстан Үкіметі және AG-Tech компаниясымен серіктестік орнатуға мүмкіндік туғанына қуанышты. Бұл серіктестік Қазақстанның цифрлық экономикасын дамыту мен таза энергияға көшуінің негізі болатын заманауи энергия сақтау технологияларын жергіліктендіруге бағытталған», — деді Clearbrook компаниясының Орталық Азиядағы төрайымы Марсия-Элизабета Кристиан Фавале.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.