Қорғаныс министрлігінде цифрлық жобалардың ауқымды таныстырылымы өтті
Қорғаныс министрлігінде цифрландыру және ІТ қызметкерлері күні қарсаңында ведомствоның негізгі цифрлық жобалары таныстырылды.
Шарада әскерді басқару, шақыру, даярлау және оқыту процесін өзгертетін шешімдер көрсетілді. Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Дархан Ахмедиевтің айтуынша, цифрлық трансформация — Президент айқындаған стратегиялық бағыттардың бірі.
![]()
«Қазіргі армия — бұл тек күш пен қуат емес, ең алдымен интеллект», — деді ол.
Көрме аймағында 16 интерактивті алаң жұмыс істеді. Қатысушылар цифрлық сервистердің жұмысын нақты уақыт режимінде көрді.
Негізгі жобалар:
— «Smart әскери комиссариат» — шақыру туралы SMS-хабарламалар, автоматты тіркеу, кейінге қалдыруды онлайн рәсімдеу. Жақын уақытта медициналық тексеру де цифрланады.
— Келісімшарт бойынша қызметке онлайн қабылдау — Jauynger.gov.kz порталы арқылы. Әскери-техникалық мамандықтар бойынша оқуға кезекке қою және жолдау жүйесі автоматтандырылды.
— Sarbaz 2.0 — мерзімді әскери қызметшілердің жетістіктерін тіркейді, білім гранттарын әділ бөлуге көмектеседі.
— Бірыңғай білім беру платформасы Askeri Ziyat — Қорғаныс министрлігінің колледждері мен ЖОО-на онлайн өтінім беру мүмкіндігі.
— ARMIA.KZ — әскери қызмет мәселелері бойынша «цифрлық кеңесші». Ол заңнама өзгерген жағдайда мәліметтерді автоматты түрде жаңартады.
— «Бес қару» жобасы — жасанды интеллект әскери дайындық нәтижелерін талдап, атыс, дене даярлығы және арнайы пәндер бойынша жеке ұсыныстар береді.
2025 жылдың соңына дейін кадрлық есеп жүйесінде іс-сапар, демалыс билеттері, заттық аттестат және әскери атақ мерзімін көрсететін индикатор секілді сегіз жаңа модуль іске қосылады.
Министрлікте цифрлық шешімдер уақытты үнемдеп, бюджет шығындарын қысқартып, адами факторды азайтатыны атап өтілді.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.