Цифрлық штаб Президент Жолдауын орындау үшін бірқатар шешімдер қабылдады

Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен Цифрлық штабтың отырысы өтті.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойған міндеттерге назар аударылды.

«Мемлекет басшысы цифрлық қалыпқа көшу арқылы экономиканың барлық салаларын жаңғырту міндетін қойды. Сондықтан ЖИ енгізу нақты нәтижеге бағытталуы тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Отырыс қорытындысы бойынша бірыңғай ұлттық цифрлық жүйені құруға бағытталған бірқатар шешімдер қабылданды.

Мемлекеттік органдарға келесідей тапсырмалар берілді:

— осы жылдың 15 қарашасына дейін денсаулық сақтау саласының басым бағыттарына НҚА-ға тиісті өзгерістер енгізе отырып, отандық стартаптардың шешімдерін енгізуді қамтамасыз ету;
— осы жылдың 20 желтоқсанына дейін денсаулық сақтау саласындағы 7 әртүрлі ақпараттық жүйені Qaztech базасындағы интеграцияланған 2 платформаға біріктіру;
— осы жылдың 1 желтоқсанынан бастап электр және жылу желілерін диагностикалау үшін жасанды интеллекті технологияларын енгізу;
— осы жылдың 20 желтоқсанына дейін елдің отын-энергетикалық кешенінде Ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығының жұмысын қамтамасыз ету тапсырылды.

Денсаулық сақтау саласында НҚА-ға өзгерістер енгізу негізінде ЖИ дамитын болады, бұл медициналық мекемелерге отандық инновациялық жобаларды енгізуге септік етеді. Мәселен, дәрігерлерге арналған ЖИ-ассистент, онкологиялық және тағы да басқа ауруларды ерте анықтау бойынша функционал іске қосылмақ. Осы жылдың соңына дейін 7 ақпараттық жүйе 2-ге біріктірілмек. Осындай жұмыспен салада жұмыс істеп тұрған барлық 30 АЖ қамтылады. Осылайша, бірін бірі қайталайтын жүйелер шоғырландырылады, бұл медициналық персоналдың жұмысын жеңілдетіп, жүктемесін азайтады.

Энергетика саласына жасанды интеллекті технологияларын енгізу, электр және жылу желілерін диагностикалау үшін дрондарды пайдалану ақауларды дәл анықтай отырып, объектілерді қысқа мерзімде толық тексеруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қалалық инфрақұрылымды тексеру үшін құбырлардың бойымен қозғалу үшін қажетті датчиктермен жабықталған арнайы құрылғыларды пайдалану және инфрақұрылымның қазіргі жағдайын ішкі жағынан тексеру жоспарлануда. Бұл шаралар мониторингке, уақтылы ден қоюға, ақаулардың бірыңғай базасын және сыни дәрежелерге бөлінген жөндеу жоспарларын қалыптастыруға бағытталған. Жасанды интеллектіні енгізу еңбек шығындарын азайтады, энергиямен тұрақты жабдықтауға және жылыту маусымының ойдағыдай өтуіне ықпал етеді.

Ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығын құру энергетикалық жүйенің киберқауіпсіздік саласындағы шараларын күшейте түседі. Орталық мамандары саланың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.