Олжас Бектенов теміржол саласын цифрландыру кезінде тұтас тәсілді жүзеге асыруды тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында теміржол саласын цифрландыру мәселелері қаралды.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Онда цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев баяндама жасады. Министрдің айтуынша, цифрлық трансформацияның негізгі бағыттарына электронды форматқа көшіру, бизнес-процестерді реинжинирингтеу, инновациялық экожүйе құру, пойыздарды OneWeb және Starlink спутниктік интернетімен қамтамасыз ету, сондай-ақ транзиттік тасымалдауды онлайн қадағалау жүйесін енгізу кіреді.

2024 жылы салада төрт мемлекеттік қызметэлектронды түрде қолжетімді болды. Биыл жаңа қызмет — «Қауіпсіздік сертификатын беру» қосылды. Бір жыл ішінде 28 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның 99%-ы онлайн режимінде жүзеге асырылды.

Премьер-министр автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізу, цифрлық диспетчерлеу, ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен саланы цифрландыруға да баса назар аударды.

«Мемлекет басшысының қатысуымен жуырда Астанада сапалы талдау жасап, ауқымды деректерді генерациялай алатын суперкомпьютер кластері іске қосылды. Осы тұрғыда жасанды интеллект технологиялары мен перспективалы стартаптарды экономиканың барлық саласына, соның ішінде теміржолға да енгізу керек. Мысалы, жасанды интеллект апаттық жағдайлардың ықтимал қауіптерін және жолдар мен жылжымалы құрамның тозуын алдын ала есептеп, осындай мәселелерді шешудің түрлі нұсқаларын пысықтай алады», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр теміржол саласын цифрландыру кезінде IT-инфрақұрылымды басқарудың және ақпараттық жүйелердің интеграциясын жүргізудің тұтас тәсілін жүзеге асыру қажет екенін атап өтті.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.