ЦДИАӨМ ЖИ және инновацияларды дамыту комитеті ҒЖБМ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-мен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
Әлемдік жетекші компанияларда IT және ЖИ саласындағы мамандардың кәсіби тағылымдамаларына ерекше назар аударылатын болады.
ЦДИАӨМ Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы Ғ. Байтұрсынов пен ҚР ҒЖБМ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы А.Құсманов өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберіндегі ынтымақтастық бағыттарының бірі — кәсіби әлеуетті, оның ішінде жасанды интеллект (бұдан әрі — ЖИ) бағыты бойынша дамыту. Бұған қоса, «Болашақ» халықаралық стипендиясына іріктеу қағидалары, «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы бойынша ақпарат алмасуды, сондай-ақ кадр мәселелері бойынша консультацияларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жасанды интеллектті жедел дамыту және пайдалану мәселесін бірнеше рет көтергенін атап өту қажет. Осыған байланысты, ЖИ саласындағы қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру елдің кадрлық әлеуетін дайындауға және дамытуға үлес қосады.
Меморандумға сәйкес тараптар инженерлік-техникалық және ғылыми кадрларды даярлау саласындағы, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, цифрландыру, инновациялық даму және аэроғарыш технологиялары саласындағы ынтымақтастықты дамытуға қолдау көрсетуге келісті.
Кездесуге сондай-ақ, Astana Hub және «ҰАТ» АҚ өкілдері де қатысты.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.