Қазақстанның әскери қызметшілеріне арналған е-Gov цифрлық порталының аналогы әзірленді
Қазақстанның Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілердің жағдайын жақсарту үшін цифрлық технологияларды белсенді енгізуде.
Көзделген мақсат — eGov.kz порталына ұқсас электрондық сервистердің заманауи, ыңғайлы және ашық жүйесін құру. Платформада әскери қызметшінің бірыңғай жеке кабинеті құрылды. Мұнда қызмет, жеңілдіктер, іссапарлар мен демалыстар туралы барлық ақпарат қолжетімді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев мәлімдеді.
Сондай ақ спикер Jauynger.gov.kz қызметы туралы айтты. Платформаның көмегімен келісімшарттық қызметке қабылдау едәуір жеңілдейді.
«Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштерге жұмысқа орналасу процесін жеңілдету үшін түрлі ақпараттық жүйелермен 10-нан астам интеграция жүзеге асырылды. Қызметті осы күзде іске қосу жоспарда бар. Сервисті енгізу келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау мерзімін 6 айдан 1 айға дейін қысқартуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Дархан Ахмедиев.
Спикер отандық технологияларды қолдау және дамыту мақсатында Defense Tech кеңсесі іске қосылғанын хабарлады. Осылайша, Қорғаныс министрлігі IT-компаниялармен ынтымақтастықты кеңейтуде.
«Осы бағытты дамыту үшін технологиялық конкурс, Defence Tech жобаларының скаутингі, күштік ведомстволарда қолданылуы мүмкін шешімдерді іздеуге арналған хакатондар сияқты іс-шаралар өткізілді. Іс-шараларға қазақстандық компаниялар, инноваторлар, өнертапқыштар, еліміздің техникалық жоғары оқу орындарының ғалымдары мен студенттері қатысты. Үздік жоба әзірлеушілеріне ақшалай сыйақылар мен мүдделі ұйымдармен жобаларды одан әрі іске асыру мүмкіндігі бірілді», — деп толықтырды спикер.
Сонымен қатар түрлі форумға қатысу ұйымдастырылады, онда технологиялық компаниялармен ынтымақтастықта қорғаныс технологиялары саласындағы отандық әзірлемелер ұсынылады. Алдағы уақытта IT-компаниялармен бірлескен іс-шаралар мен ынтымақтастық нысандарын кеңейту жоспарлануда.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.