NITEC Fitch агенттігінен «BBB» деңгейіндегі инвестициялық кредит рейтингін алды

Бұл шешім компанияның халықаралық деңгейдегі тұрақтылығын және Қазақстан үшін стратегиялық маңызын мойындаудың маңызды көрсеткіші болды.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Халықаралық рейтинг агенттігі Fitch Ratings «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ға (NITEC) шетел және ұлттық валютадағы эмитенттің ұзақмерзімді дефолт рейтингін (Issuer Default Ratings, IDR) «BBB» деңгейінде, тұрақты болжаммен берді.

Fitch тұжырымына сәйкес, рейтингтер NITEC-тің ұлттық цифрлық инфрақұрылымдағы маңызды рөлін және мемлекеттік сектормен институционалдық байланысын көрсетеді. Компания мемлекет үшін технологиялық серіктес ретінде әрекет етіп, негізгі ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етіп келеді.

Берілген рейтинг Қазақстан Республикасының егемендік рейтинг деңгейіне сәйкес келетіндігін атап өткен жөн. Бұл компанияға жетекші халықаралық агенттіктердің бірі тарапынан жоғары сенім білдірілгенін көрсетеді.

«BBB» деңгейіндегі инвестициялық рейтингтің және тұрақты болжамның берілуі — бұл компанияның қаржылық сенімділігінің көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар халықаралық инвестициялық қауымдастыққа берілген күшті сигнал. Бұл NITEC тұрақты макроэкономикалық және басқару ортасында жұмыс істейтінін, қарызды басқару бойынша жауапты саясат жүргізетінін және ресурстарды тиімді пайдаланатынын дәлелдейді.

Бұл оқиға компания үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады: серіктестер үшін ашықтық артады, қаржы институттарының сенімі нығаяды, халықаралық капитал нарығына шығу әлеуеті пайда болады. Сонымен қатар, Fitch рейтингі NITEC-тің корпоративтік басқару және институционалдық даму деңгейінің жоғары екенін айғақтайды.

Құрылған сәтінен бастап NITEC цифрлық мемлекеттің архитектурасын жүйелі түрде қалыптастырып келеді. Компания негізгі мемлекеттік IT-қызметтерді дамытып, сүйемелдеп, елдің цифрлық платформасының технологиялық сенімділігін, ауқымдылығын және тұрақтылығын қамтамасыз етуде.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.