Қазақстанда «Самұрық-Қазына» тобының компаниялары үшін отандық IT-шешімдерді басым тәртіппен сатып алу тетігі іске қосылады
Арнайы тізілімге енгізілген Astana Hub резиденттерінен тиісті жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді басым тәртіппен сатып алу көзделеді.
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірлесіп, Astana Hub резиденттерінің дайын цифрлық өнімдер базасын пайдалана отырып, Қордың еншілес ұйымдары үшін отандық IT-шешімдерді басым тәртіппен сатып алу тетігін әзірледі.
2026 жылғы 21 қыркүйектен бастап «Самұрық-Қазына» АҚ-ның және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) 50 және одан да көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында Қорға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың сатып алуды жүзеге асыру тәртібіне тиісті өзгерістер күшіне енеді.
Жаңа тетік аясында Astana Hub скоринг нәтижелерін, санаттарға бөлуді және Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығының (ТЖҚ БНА) кодтарын ескере отырып, отандық IT-компаниялар мен өнімдердің арнайы тізілімін қалыптастырады.
Арнайы тізілімге енгізілген Astana Hub резиденттерінен тиісті жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді басым тәртіппен сатып алу көзделеді.
Процестің жеделдігін арттыру мақсатында zakup.sk.kz және Astana Hub ақпараттық жүйелерін интеграциялау қарастырылған. Бұл негізгі рәсімдерді автоматтандыруға және шарттар жасасу мерзімін 10 жұмыс күніне дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
Осы тетік аясындағы сатып алулар Astana Hub резиденттері арасында баға ұсыныстарын сұрату арқылы жеңілдетілген және жеделдетілген тәртіппен жүзеге асырылады.
Басым тәртіппен сатып алынуға жататын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін Astana Hub-пен келісу бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Ақпараттық технологиялар жөніндегі сарапшылық кеңесі бекітеді.
Аталған тетік 2026 жылғы 21 қыркүйектен бастап 2027 жылғы 1 шілдеге дейін жалғасатын пилоттық жоба аясында қолданысқа енгізіледі.
«Отандық IT-компаниялар үшін бәсекеге қабілетті цифрлық шешімдерді әзірлеумен қатар, оларға нақты сұраныстың болуы да маңызды. Жаңа тетік өнімді әзірлеуден бастап оны квазимемлекеттік сектордың ірі ұйымдарында енгізуге дейінгі жолды қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл қазақстандық IT-компаниялардың дамуына, олардың шешімдерін ауқымдандыруға және цифрлық өнімдердің тұрақты ішкі нарығын қалыптастыруға қосымша серпін береді деп сенеміз», — деп атап өтті Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ғиззат Сейдахметұлы Байтырсынов.
Осылайша, отандық цифрлық әзірлемелерді коммерцияландырудың және ірі ұлттық компаниялар тарапынан қазақстандық IT-шешімдерге тұрақты сұранысты қалыптастырудың қосымша арнасы құрылады.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.