Қазақстан Халықаралық WSIS Prizes 2025 байқауының жеңімпаздары қатарында
БҰҰ қолдауымен Халықаралық электр байланысы одағы (ITU) ұйымдастырған WSIS+20 іс-шарасының аясында WSIS Prizes 2025 байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Қазақстан атынан ұсынылған «Ситуациялық-аналитикалық кешен» (САК) жобасы өз номинациясы бойынша үздік деп танылып, жеңімпаз атанды.
САК — бұл Президент Іс басқармасының Инженерлік-техникалық орталығы әзірлеген заманауи цифрлық платформа. Ол мемлекеттік сектордағы мәліметтерді талдау, мониторингтеу және жедел басқару үшін қолданылады. Жүйе еліміздің барлық өңірі бойынша 500-ден астам әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді қамтиды және деректерді нақты уақыт режимінде жинауға, өңдеуге және визуализациялауға мүмкіндік береді.
САК бүгінде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде және Іс басқармасында қолданыста, бұл стратегиялық шешімдерді тиімді және ашық қабылдауға жол ашады.
Бұл — Қазақстанның 2013 жылдан бергі алғашқы жеңісі және елдің технологиялық әлеуетінің халықаралық деңгейде мойындалуының маңызды көрсеткіші. Марапатты Халықаралық электр байланысы одағының Бас хатшысы Дорин Богдан-Мартин ханым мемлекеттер мен халықаралық ұйым өкілдерінің қатысуымен тапсырды.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.