ЦДИАӨМ отандық стартаптардың мемлекеттік сатып алу жүйесіне қатысу ережелерін жеңілдетті
Нәтижесінде Astana Hub қатысушыларының барлығы, соның ішінде Сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету тізіліміне енгендер де мемлекеттік сатып алулар жүйесіне толыққанды қатыса алады.
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті Astana Hub-пен бірлесіп, стартаптардың мемлекеттік сатып алу жүйесіне қатысу ережелерін жеңілдетті. Жаңа ережелерге сәйкес, еліміздегі мыңға жуық стартап енді мемлекеттік сатып алуларға қатысуға және қаржылық тұрақтылық деңгейін растауға мүмкіндік алады. Стартаптар — жұмыс істеу тарихы шектеулі және қаржылық көрсеткіштері салыстырмалы түрде төмен жас компаниялар. Осы себепті олар бұрын қаржылық тұрғыда тұрақсыз деп бағаланып, бұл олардың рейтингін төмендеткен. Тиісінше стартаптардың мемлекеттік сатып алуларға қатысу мүмкіндігі шектелген.
ЦДИАӨМ бұл талаптарды қайта қарау жөнінде бастама көтеріп, оларды жеңілдетуді ұсынды.
«Бүгінгі таңда біздің ұсынысымыз мемлекеттік органдар тарапынан қолдау тапты. Бұрын стартаптар осы талаптың кесірінен автоматты түрде мемлекеттік сатып алулар жүйесінен шығарылатын, бұл оларды өз шешімдерін мемлекетке ұсыну мүмкіндігінен айырды. Енді жаңа ережелерге сәйкес бұл кедергі жойылды. Нәтижесінде Astana Hub қатысушыларының барлығы, соның ішінде Сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету тізіліміне енгендер де мемлекеттік сатып алулар жүйесіне толыққанды қатыса алады», — деп атап өтті Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы Ғиззат Байтұрсынов.
Бұл бастама Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің қолдауына ие болды. Сонымен қатар, жаңа ережелер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен бекітіліп, жақын арада күшіне енеді.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.