Қазақстанда цифрлық теңге жобасы аясында алғашқы жол жобасы аяқталып, қолданысқа берілді
Павлодар облысында цифрлық теңгені енгізу бойынша пилоттық бағдарлама аясында алғашқы жол жобасы сәтті аяқталды.
Жоба жұмыстары «РФ шекарасы (Омбыға) — Майқапшағай» автожолының 383-390 шақырым аралығындағы 7 шақырымдық учаскеде жүргізілді. Аталған автожол I техникалық санатқа жатады. Бұл учаскеде соңғы жөндеу жұмыстары 2015 жылы жүргізілген болатын.
![]()
Орташа жөндеу аясында келесі жұмыстар атқарылды:
— 128 800 м² ауданда ескі жабын жонылды;
— 128 800 м² ауданда жаңа үстіңгі қабат төселді;
— 35 000 м² ауданда жол жиегі нығайтылды;
— 14 шақырымда жол таңбалары салынды.
Техникалық сипаттамаға сәйкес барлық орындалған жұмыс көлемі «eQurylys» ақпараттық жүйесінде тіркеліп, жобаның жүзеге асырылу барысына толық ашықтық пен цифрлық бақылау қамтамасыз етілді. Жоба аясында барлық жұмыстар сәтті аяқталып, жол пайдалануға берілді. Оның жүзеге асырылуы жол инфрақұрылымының нормативтік жағдайын сақтауға, сондай-ақ жол пайдаланушыларға қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысты қамтамасыз етеді.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.