Қазақстан мен Қытай техникалық-экономикалық және навигациялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Екінші Келісім шеңберінде 100 миллион юань көлемінде екінші грант беру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

2025 жылдың 16 маусымында «Орталық Азия — Қытай» екінші саммиті аясында Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасында техникалық-экономикалық ынтымақтастық туралы екінші Келісімге қол қойылды.

Келісім 2024 жылдың 3 шілдесінде Астанада қол қойылған алғашқы құжаттың жалғасы болып табылады. Екінші Келісім шеңберінде 100 миллион юань көлемінде екінші грант беру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл қаражатқа астрономия, спутниктік деректерді өңдеу және жоғары технологиялық салаларда мамандар даярлау бағытында заманауи зерттеу және білім беру инфрақұрылымын құру жоспарлануда.

Сонымен қатар, сол күні Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік даму және реформалар комитеті арасында Қытайдың BeiDou спутниктік навигациялық жүйесін қолдану саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік жөніндегі Меморандумға қол қойылды.

Бұл құжат спутниктік навигация және геодезия саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Ол Қазақстан аумағында BeiDou ынтымақтастық орталығын құруды, CORS-станциялар инфрақұрылымын дамытуды, ғылыми-техникалық ынтымақтастықты, геодезиялық және навигациялық жабдықтарды өндіруді жергіліктендіруді, сондай-ақ мамандар даярлау мен екі елдің салалық ұйымдары арасында тәжірибе алмасуға жәрдемдесуді көздейді.

рМеморандумға қол қою Қазақстанда дәл навигациялық және геодеректерді көлік, логистика, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларда қолдану мүмкіндіктерін кеңейтіп, еліміздің технологиялық дамуына және Қазақстан-Қытай серіктестігін нығайтуға ықпал етеді.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.