Туристерге арналған бірыңғайцифрлық навигация: қазақстан халықаралық әуежайларда QR-қызметті енгізді

QR-код шетелдік туристерге қажетнегізгі қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

ҚР Туризм және спорт министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, премьер-министрдің тапсырмасы аясында еліміздегі барлық халықаралық әуежайларда QR-код жүйесін енгізді. Бұл туралы Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді.

QR-код шетелдік туристерге қажетнегізгі қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, электронды SIM-карта, ресми такси қызметтері, қонақ үйлерді онлайн брондау, шетел азаматтарын тіркеу тәртібі және өңірдегі басты туристік нысандар туралы ақпаратты қамтиды.

Жаңа жүйе туристерді алаяқтардан қорғауға, әсіресе такси, байланыс, валюта айырбастау және басқа да қызмет түрлерінде кездесетін келеңсіз жағдайлардың алдын алуға бағытталған. Бұл бастама туристерге қаланы оңай аралауға және қажетті ақпаратты жедел алуғакөмектеседі.

Еске сала кетейік, 2024 жылы Қазақстанға 15,3 миллион шетелдік қонақ келген. Олардың 10,4 миллионы елде бір күннен көп уақыт өткізіп, шетелдік турист мәртебесіне ие болған. Сонымен қатар былтыр ел ішінде саяхаттаған отандық туристер саны 10,5 миллионға жетті. Бұл –Қазақстанда саяхаттауға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.

QR-код жүйесін енгізу — туристерге көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға және олардың еліміздегі сапарын барынша жайлы етуге бағытталған маңызды қадам.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.