ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абай облысының тұрғындарымен кездесті

2025 жылдың 29 мамырында Мәлік Олжабеков Абай облысы тұрғындарымен кездесу өткізді.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Отырыстың басты назары министрлік жұмысының негізгі бағыттары: мемлекеттік қызметтерді жетілдіру, ІТ секторды дамыту және Жетісу өңірінде «Ақылды қала» тұжырымдамасын жүзеге асыру болды. Вице-министр Мәлік Олжабеков атап өткендей қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің 92 пайызы электронды түрде көрсетіледі. Олардың 90 пайызына тұрғындар смартфон арқылы қол жеткізіп отыр. Kaspi және Halyk қосымшалары арқылы 56 қызмет ұсынылып, 33 миллион рет пайдаланылған. Өткен жылы 341 миллион қызмет көрсетілсе, соның 91 пайызы цифрлық форматта жүзеге асқан. 51 қызмет проактивті түрде іске қосылып, 3,7 миллион рет қолданылған.

Әлеуметтік салада да цифрлық шешімдер енгізілуде. «Әлеуметтік әмиян» жобасы аясында мектеп оқушыларына ыстық тамақ, халыққа дәрі-дәрмек пен газ ваучерлері электронды түрде беріліп жатыр. Биыл 1841 мектепке құрылғылар орнатылып, 5,2 млн түскі ас берілген. Ал 771 дәріхана арқылы 6,2 млн рецепт бойынша дәрі таратылған.

Білім, әлеуметтік қорғау және еңбек салаларындағы бірқатар қызметтер де проактивті форматқа ауысты. Жаңа сервистер қатарында автокөлікті онлайн рәсімдеу, цифрлық ипотека, онлайн нотариус пен құмар ойындардан бас тарту қызметі бар.

Абай облысында қазіргі таңда 3 ХҚКО, 10 аудандық бөлім, 1 мамандандырылған ХҚКО және 26 бэк-офис жұмыс істейді.

Ақпараттық қауіпсіздік те назарда. Биыл кибершабуылдардың алдын алу, деректердің заңсыз таралуына жол бермеу бағытында бірқатар шаралар атқарылды.

Ғарыштық мониторинг арқылы Семей мен Аягөзде 233 заңсыз қоқыс орны мен 80 заңсыз пайдалы қазба фактісі анықталған. Бұл деректер арнайы geoservice.nedro.gharysh.kz платформасына енгізілуде.

Сонымен қатар, вице-министр өңір тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Абай облысы үшін өзекті мәселелердің бірі — сапалы байланыс пен Интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету және байланыс саласы бойынша сұрақтар қойылды.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.