Қазақстанда өңірдегі алғашқы Solana Economic Zone іске қосылды

Қазақстан цифрлық трансформация мен блокчейн экономикасын дамыту жолында тағы бір маңызды қадам жасады.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Астанада Орталық Азиядағы Solana блокчейн платформасы негізінде құрылған Solana Economic Zone Kazakhstan алғашқы экономикалық аймақ іске қосылды. Solana Foundation қолдауымен өткен бұл іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық сарапшылар және Web3 экожүйесінің көшбасшылары қатысты. SEZ KZ іске қосылуы Astana International Forum 2025 қарсаңында өтіп, технология, инвестиция және мемлекеттік саясат тоғысындағы маңызды оқиға болды.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, цифрлық экономиканы дамытуға арналған мамандандырылған аймақтарды құру — технологиялық серпіліс жасауға арналған тиімді құрал. Мысалы, Дубайда Dubai Multi Commodities Centre (DMCC) Crypto Centre табысты жұмыс істеп тұр. Онда ондаған блокчейн-компаниялар орналасқан, қолайлы реттеу тетіктері енгізілген және стартаптар инфрақұрылым мен инвестицияға қол жеткізе алады.

Қазақстан үздік халықаралық тәжірибелерді өз стратегиялық мақсаттарына бейімдеп қабылдайды. Solana Economic Zone — тәжірибе алмасуға, шешімдерді сынақтан өткізуге және қазақстандық компанияларды жаһандық нарыққа шығаруға арналған алаң болмақ.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Solana Economic Zone жобасының іске қосылуы Қазақстанның экономикалық салаға озық цифрлық технологияларды интеграциялауға стратегиялық тұрғыда дайын екенін білдіретінін атап өтті: «Біз тұрақты әрі бәсекеге қабілетті цифрлық экожүйе құруға ұмтыламыз. Solana Economic Zone сияқты жобалар бізге активтерді токенизациялаудан бастап, Web3 саласындағы кадрлық әлеуетті дамытуға дейінгі жаңа тәсілдерді сынап көруге және енгізуге мүмкіндік береді»

Іс-шара аясында энергетика, қаржы, агротехнология, ойын индустриясы және сауда салаларында жұмыс істейтін халықаралық стартаптар ұсынған блокчейн негізіндегі шешімдер таныстырылды. Сондай-ақ, құнды қағаздарды, алтынды, жылжымайтын мүлікті және басқа да активтерді токенизациялау мүмкіндіктері талқыланды.

Кездесу нәтижесінде стратегиялық меморандумға қол қойылды, оған келесі бағыттар кірді:

— Капитал нарығын токенизациялау. AIX, Solana Foundation, Jupiter және Intebix қатысуымен қаржы инфрақұрылымына токенизацияланған құралдарды енгізуге бағытталған пилоттық жоба іске қосылады.
— Web3-таланттарды дамыту. Министрлік пен Solana Foundation Rust бағдарламалау тілі мен блокчейн инженериясына бағытталған білім беру бағдарламасын бастайды. Жоба аясында университеттермен және Astana Hub-мен серіктестік орнатылады.
— Халықаралық Web3-компанияларды тарту. Forma компаниясымен бірлесіп, жаһандық стартаптарға инфрақұрылым мен реттеуші қолдауды қамтитын қолдау бағдарламалары жүзеге асырылады.

Министрлік жасанды интеллекттен бастап блокчейнге дейінгі озық технологияларды дамыту үшін қолайлы жағдай жасауды жалғастырып жатыр. Бұл елдің цифрлық егемендігін қамтамасыз етуге және экономикалық өсіміне бағытталған.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.