Денсаулық сақтау саласын цифрландыру жобаларының арқасында қаражат үнемделіп, жүйедегі ашықтық қамтамасыз етілді
Астана мен Алматы қалаларында жедел жәрдем қызметкерлері үшін бейнежетондарды пайдалану бойынша пилоттық жоба іске қосылды.
Қазірдің өзінде олар 3 мыңнан астам сапар кезінде пайдаланылды. Нәтижесінде медициналық қызметкерлер мен пациенттер арасында жанжалдар саны азайды. Сондай-ақ Yandex Qazaqstan-мен бірлесіп, Астана тұрғындарына жедел жәрдемнің нақты уақыттағы орналасқан жерін бақылауға мүмкіндік беретін жоба іске қосылды. Бұл қайталанатын қоңыраулардың санын 40%-ға дейін азайтты. Ол жайлы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов ОКҚ алаңындағы баспасөз мәслихатында хабарлады.
Сонымен қатар Apple-мен уағдаластықтардың арқасында Қазақстанда есту қабілеттері бұзылғандарға, апноэ эпизодтарын бақылауды қоса алғанда, денсаулық мониторингі функциялары қолжетімді болды. Бұл өзін-өзі басқару мүмкіндіктерін кеңейтеді және проблемаларды ерте анықтауға көмектеседі. Дәрі-дәрмектерді таңбалап, оларды науқастарға беру бағытында да біршама оң өзгеріс бар.
«Біз фармацевтикалық нарықтың барлық қатысушыларын ДЗ таңбалау жүйесіне біріктіруді аяқтадық. Жүйеде қазірдің өзінде 36 отандық өндіруші және дистрибьюторлар, 8 мыңға жуық дәріхана және 1900-ден астам медициналық ұйым жұмыс істейді. 360 млн астам дәрі-дәрмек таңбаланған. Жүйе жалған өніммен күресуге көмектеседі және 2025 жылдың 1 тоқсанында дәрілік заттар нарығына қатысушылардың айналымын 15%-ға арттырды», — деді спикер.
Өткен жылдың қараша айынан бастап пациенттер «Әлеуметтік әмиян» жобасы аясында дәрі-дәрмек алуда. Тұтастай алғанда, жыл басынан бері жазылған рецептердің жалпы санынан 75%-дан астамы әлеуметтік әмиян арқылы қамтамасыз етілген.
Денсаулық сақтау министрлігі енгізген жаңашылдықтар аясында қазір әр медициналық ұйым өз бетінше дәрі-дәрмек сатып алуға құқылы. Осыған дейін сатып алу құжаттары тек қағаз күйінде ғана болған. Қаржы министрлігімен бірлесіп, арнайы цифрлық механизм іске асты. Енді дәрі-дәрмек сатып алу туралы ақпарат барлығына қолжетімді. Электронды порталдың арқасында биылғы 4 айдың ішінде 750 млн теңгеге дейін қаражат үнемделді.
Сондай-ақ тегін берілетін дәрі-дәрмектерді жеке әр адам басына есептеу механизмі іске асып жатыр. Алдағы уақытта тегін берілетін дәрілерді жеке меншік дәріханалар арқылы қамтамасыз ету жоспарда бар. Пилоттық жоба Астанада 1 шілдеден бастап жүргізіледі.
Дәрі-дәрмектер мен бұйымдарды тіркеу мерзімі 210-нан 100 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Жетекші реттеушілер (АҚШ, ЕО, Жапония) мойындаған препараттарға бұл мерзім небәрі 15 күнді құрайды.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.