Қазақстанның энергия теңгеріміндегі ЖЭК үлесі 6%-дан асты
Бұл — 2020 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есе жоғары.
2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінен өндірілетін электр энергиясының үлесі 6%-дан асып, 6,43%-ды құрады. Ол кезде ЖЭК үлесі небәрі 3% болған. Бұл өсім «жасыл» экономиканы дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жүйелі жүзеге асырылып жатқанын айқын көрсетеді.
Соңғы бес жылда елде тұрақты оң үрдіс байқалып келеді:
— 2021 жылы — 3,69%,
— 2022 жылы — 4,53%,
— 2023 жылы — 5,92%,
— 2024 жылы — 6,43%.
«Жасыл» электр энергиясын өндіру көлемінің артуы жаңартылатын энергия көздері секторындағы инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған дәйекті мемлекеттік саясаттың нәтижесі болып отыр. Озық халықаралық тәжірибелер енгізіліп, жүйелі қолдау шаралары жүзеге асырылуда, ал нысандардың құрылысы мен пайдалануға берілуі инвесторлардың қаражаты есебінен іске асуда.
Бүгінде республика аумағында жалпы қуаты 3 ГВт-тан асатын 154 ЖЭК нысаны жұмыс істейді. Атап айтқанда:
— 63 жел электр станциясы (1 570,05 МВт),
— 46 күн электр станциясы (1 222,61 МВт),
— 42 су электр станциясы (287,685 МВт),
— 3 биогаз станциясы (1,77 МВт).
Жаңартылатын энергия көздерін дамыту — еліміздің тұрақты энергиямен қамтамасыз ету және климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.