Қазақстанда 2026 жылға жоспарланған 10 ЖЭК жобасының 7-еуі іске қосылды
Энергетика министрлігі жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.
Биыл елімізде жалпы қуаты 245 МВт болатын жаңартылатын энергия көздерінің 10 нысанын пайдалануға беру жоспарланған. Бүгінгі таңда 212 МВт болатын 7 нысан пайдалануға берілді.
Пайдалануға берілген нысандардың қатарында:
— Қостанай облысында қуаты 50 МВт «Aspan Energo» ЖШС жел электр станциясы;
— Маңғыстау облысында қуаты 20 МВт «Stellar Energy» ЖШС күн электр станциясы;
— Қостанай облысында қуаты 22,6 МВт «Altyn Solar Energy» ЖШС күн электр станциясы;
— Жетісу облысында қуаты 20 МВт «Jetisu Terra Power» ЖШС күн электр станциясы;
— Қарағанды облысында жалпы қуаты 100 МВт болатын «Гиперборея» ЖШС-нің үш жел электр станциясы бар.
Ағымдағы жылдың соңына дейін Қызылорда облысында қуаты 30 МВт «Альхена» ЖШС-нің екі күн электр станциясы жобасын, сондай-ақ Түркістан облысында қуаты 3,2 МВт «Тауэнерго» ЖШС-нің шағын гидроэлектр станциясын салуды аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.
ЖЭК жобаларын іске асыру еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға, инвестициялар тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және Қазақстанның энергия теңгеріміндегі экологиялық таза генерация үлесін арттыруға ықпал етеді.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.