eGov Mobile мобильді қосымшасында автокөлік иесіне шұғыл хабарлама жіберу мүмкіндігі іске қосылды
Бұл мәселені тез арада шешуге және келеңсіз жағдайлардың алдын алуға көмектеседі.
eGov Mobile мобильді қосымшасында жаңа «Көлік иесіне мәселе туралы ескерту» қызметі іске қосылды. Енді кез келген пайдаланушы көлік құралының ақаулары немесе қиындықтары туралы көлік иесіне жедел ескерту жібере алады. Қызмет көлік жол жүруге кедергі келтіргенде, жол-көлік оқиғасына ұшырағанда, шамдары қосулы қалып қойғанда, дабыл жүйесі іске қосылғанда немесе дөңгелегі жарылғанда өте пайдалы. Жедел хабарлама автокөлік иесінің уақытында қажетті шараларды қабылдауына мүмкіндік береді.
Қызметті пайдалану үшін:
— eGov Mobile мобильді қосымшасына авторизациядан өтіп, «Танымал қызметтер» бөлімін ашу керек;
— «Көлік иесіне мәселе туралы ескерту» қызметін таңдау қажет;
— көлік иесіне қандай ақпаратты жеткізу қажет екенін көрсетіп, «Жалғастыру» батырмасын басукерек;
— автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін енгізіп, «Хабарлама жіберу» батырмасын басу қажет.
Пайдаланушы қызметті 2 сағат ішінде тек 5 рет пайдалана алатынын атап өту маңызды. Мәтіндік хабарламаларды жіберу кезінде өтініш беруші көліктің иесі туралы ешқандай ақпарат алмайды, eGov Mobile қолданбасы пайдаланушыларға анонимді хабарламалар жібереді.
Сұрау жіберілгеннен кейін жүйе Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйесіне сұраныс жолдап, автокөлік иесін анықтап, оған хабарлама жібереді. Егер пайдаланушыда push-хабарламалар қосулы болса, ол смартфонына бірден ескерту алады. Хабарландырулар өшірілген жағдайда, ақпарат eGov Mobile қосымшасының «Хабарламалар» — «Таратылымдар және ескертулер» бөлімінде қолжетімді болады.
Жаңа қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Ішкі істер министрлігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде іске қосылды.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.