Елімізде гипермасштабталатын деректерді өңдейтін ең ірі орталық құрылады
Премьер-министр Олжас Бектенов инвестормен келісім туралы тиісті қаулыға қол қойды.
Қазақстанда сингапурлық инвесторлар — GK Hyperscale Ltd компаниясының қатысуымен гипермасштабталатын деректерді өңдеу орталықтарын салу бойынша стратегиялық маңызды жоба іске қосылады.
Атап айтқанда, құжатта Ақмола және Қарағанды облыстарында жалпы қуаты 200 МВт болатын екі бірдей деректерді өңдеу орталығын салу және пайдалануға беру үшін 690 млрд теңге көлемінде инвестиция тарту көзделген.
Үкімет атынан Цифрлық даму министрлігі жобаны жүзеге асыруға, оның мемлекеттік цифрлық экожүйеге интеграциялануын қамтамасыз етуге, сондай-ақ «бұлтты» технологиялар мен жоғары өнімді есептеулерді (HPC) дамыту үшін нормативтік жағдай қалыптастыруға белсенді түрде қатысады. Мұндай орталықтарды құру Қазақстанға Microsoft, Google және Amazon сияқты халықаралық технология алпауыттарын, сондай-ақ үлкен деректермен және машиналық оқытумен жұмыс істейтін компанияларды тартуға мүмкіндік береді.
Жоба жалақы деңгейі жоғары жұмысорындарын ашу және технологиялық тәуелсіздікті қамтамасыз ету арқылы цифрлық экономиканы дамытудың қозғаушы күшіне айналады. Қазақстан IT-қызметтер экспортын едәуірарттырып, халықаралық нарықтарда жергілікті IT-компаниялардың қатысуын кеңейтеді және оның жаһандық цифрлық экожүйелердегі рөлін күшейтеді деп күтілуде.
Осылайша, ДӨО іске қосылуы еліміздің Орталық Азияның цифрлық хабы ретіндегі орнын нығайтады әрі IT-қызметтер экспортының өсуіне жағдай жасайды.
Құрылыстың бірінші кезегі 2027 жылы, ал ДӨО 2030 жылы толық іске қосылады деп жоспарланған.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.