Қазақстан мен Нигерия қаржы және ғарыш технологиялары саласында келісімдерге қол қойды
Тараптар бірлескен бастамаларды дамыту және цифрлық салада нақты жобаларды іске асыру жөнінде уағдаласты.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Нигерияның Коммуникациялар, инновациялар және цифрлық экономика министрі Босун Тиджанимен кездесу өткізіп, ғарыштық технологиялар, электрондық үкімет және финтех шешімдері саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Қазақ тарапы цифрлық платформаларды дамыту, электрондық үкіметті енгізу және озық финтех шешімдерін құру тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін білдірді.
Сонымен қатар Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы ҚР Елшісі Ануарбек Ахметов Нигерияның Сауда-өнеркәсіп палатасы өкілдерімен кездесу өткізіп, екі елдің бизнес-қоғамдастықтары арасындағы іскерлік байланыстарды жандандыру жолдарын талқылады. Кездесу барысында тараптар қазақстандық және нигериялық компаниялардың өзара нарыққа шығуына жәрдемдесудің механизмін әзірлеу және бірлескен кәсіпорындарды дамыту бойынша бастамаларды қарастыру туралы келісімге келді.
«Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Султанбек Нигерияның Инвестицияларды дамыту комиссиясы өкілдерімен келіссөздер өткізіп, шетелдік инвестицияларды тарту тәжірибесімен алмасты және ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады. Сонымен қатар ол Нигерияның Қаржылық интеграция министрлігінің басшылығымен кездесті. Нигерия тарапы даму институттары арқылы қаржыландыру құралдарына және мемлекеттік кәсіпорындарды тиімді басқару модельдеріне ерекше қызығушылық білдірді.
Сапар аясында қазақстандық және нигериялық кәсіпкерлер арасында B2B форматындағы кездесулер өтті. Талқылаулар барысында сауда көлемін кеңейту, бірлескен жобаларды іске қосу және өндірісті жергілікті деңгейде дамыту мүмкіндіктері қарастырылды. Келіссөздер энергетика, тау-кен металлургиясы, қаржы, көлік және логистика, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешені салаларындағы компаниялардың қатысуымен өтті.
Қазақстан делегациясының сапары аясында банкінің АХҚО-да филиал ашуын және исламдық қаржы саласындағы ынтымақтастықты бастауды көздейтін АХҚО мен «Taj Bank Nigeria» арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға және ғарыш қызметі саласындағы бірлескен жобаларды дамытуды көздейтін «Kazakhstan Gharysh Sapary» ҰК» АҚ мен «Suburban Broadband Limited» арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.