Қазақстанда Орталық Азияның мәдени мұрасын біріктіруге арналған цифрлық платформаны құру жұмыстары басталды

Цифрлық платформаның орталық серверлік торабы «Қазқайтажаңарту» РМК базасында жұмыс істейтін болады.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Былтыр Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи-мәдени мұраны сақтау мен кеңінен танытуға бағытталған бірқатар бастама көтерген болатын. Солардың бірі — Орталық Азия елдерінің тарихи-мәдени мұрасын біріктіруге арналған бірыңғай цифрлық платформаны құру, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Аталмыш жобаны іске асыру мақсатында «Қазқайтажаңарту» мекемесінің кеңсесінде платформаға құжаттарды жүктеу жұмыстары басталды. Еліміздің мамандары үшін Лондон университеттік колледжінің (UCL) өкілдері шеберлік сабағын өткізіп, материалдарды цифрландыру, жүйеге жүктеу, сақтау және жүйелеу тәртібін түсіндірді.

Цифрлық платформаның орталық серверлік торабы «Қазқайтажаңарту» РМК базасында жұмыс істейтін болады. Платформа арқылы Орталық Азия елдерінің жәдігерлері, құжаттары, фотосуреттері мен ғылыми зерттеулері бір ортақ цифрлық қорда жинақталады. Материалдарды ғалымдар ғана емес, көпшілік те еркін пайдалана алады.

«Орталық Азияның археологиялық ландшафттары» жобасы «Қазқайтажаңарту» РМК мен Лондон университеттік колледжі (UCL) арасында жасалған келісім аясында жүзеге асырылып келеді. Жобаға Arcadia қайырымдылық қоры қолдау көрсетіп отыр.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Security Day 2026

    Profit Security Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Security Day 2026, посвященной информационной безопасности в Казахстане.

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.