Қазақстан автожолдарында «ақылды» камералар сынақтан өтуде: жүргізушілер байқаған жаңа құрылғылар не үшін қажет?
Соңғы күндері әлеуметтік желілерде жүргізушілер автожолдар бойындағы ерекше құрылғылардың суреттерін бөлісіп, түрлі сұрақтар қоя бастады.
Бұл — «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жол саласын цифрландыру аясында енгізіп жатқан жасанды интеллект элементтері бар жаңа бейнеаналитика жүйесі. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл — республикалық автожолдардағы жағдайды тәулік бойы бақылап, ықтимал оқиғаларға жедел әрекет етуге көмектесетін заманауи камералар.
Жүйенің басты ерекшелігі — автономды жұмыс істеуі. Яғни құрылғылар әдеттегі инфрақұрылым жоқ шалғай жол учаскелерінде де қызмет ете алады. Ол үшін камералар күн панельдерімен және жел генераторларымен жабдықталады. Құрылғылар күн мен желден қуат алып, жолдағы жағдайды нақты уақыт режимінде бақылап, деректерді тиісті қызметтерге жеткізеді.
Жасанды интеллект жолдағы ықтимал қауіпті жағдайларды анықтауға мүмкіндік береді. Мәселен, жүйе жүру бөлігінде жаяу жүргіншінің немесе жануардың пайда болуын, қарсы бағытқа шығуды, артқа жүруді, тұрақ ережесін бұзуды тіркей алады. Сонымен қатар көліктің мемлекеттік нөмірін, маркасын және түсін тану мүмкіндігі бар.
Жобаның негізгі мақсаты — жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру. Қауіпті жағдай неғұрлым ерте анықталса, жол қызметтері де соғұрлым тез ақпарат алып, тиісті шара қабылдай алады.
Пилоттық жоба қазірдің өзінде «Алматы — Қонаев» ақылы учаскесінде сынақтан өтіп жатыр. Мұнда жабдықтардың және автономды инфрақұрылымның жұмысы тексерілуде.
Сонымен қатар ұзындығы 134 шақырым болатын «Астана — Теміртау» учаскесінде де жұмыстар жүргізілуде. Аталған бағытта тіректер орнатылып, камералар, күн панельдері, жел генераторлары және дерек беру жабдықтарын монтаждауға дайындық жасалып жатыр.
Бұдан бөлек, «Астана — Щучинск» учаскесінде де дайындық жұмыстары қолға алынған. Мұнда байланыс инфрақұрылымы мен жабдықтарды орналастыруға арналған негіздер әзірленуде.
Алдағы уақытта мұндай құрылғылар автомобиль жолдарын мониторингтеудің бірыңғай интеллектуалды жүйесінің бір бөлігіне айналады. Бұл жүйе қауіпті жағдайларды автоматты түрде анықтауға, жол қызметтерінің әрекет ету жылдамдығын арттыруға және республикалық автожолдардағы сапар қауіпсіздігін күшейтуге мүмкіндік береді.
Сондықтан жол бойынан камерасы, күн панелі мен жел генераторы бар ерекше құрылғыны байқасаңыз, таңғалмаңыз. Бұл — жолды бақылап тұрған «темір күзетші» емес, сапарыңыздың қауіпсіз болуына көмектесетін жаңа цифрлық жүйенің бір бөлігі.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.