Жасанды интеллект Екібастұз ГРЭС-1 жұмысын тәулік бойы бақылауда

Интеллектуалды жүйе өндірістік нысандарды нақты уақыт режимінде бақылап, түрлі бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейді.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

2026 жылды Мемлекет басшысы Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау аясында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі энергетика саласын цифрлық трансформациялау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Салалық компаниялармен бірлесіп заманауи цифрлық технологиялар енгізіліп, өндірістік процестер автоматтандырылып, интеллектуалды басқару жүйелері дамытылуда. Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1 станциясында жасанды интеллект технологияларын қолданатын 200-ден астам бейнебақылау камерасы орнатылды. Жүйе өндірістік қауіпсіздік деңгейін арттыруға және төтенше жағдайларға жедел ден қоюға бағытталған.

Интеллектуалды жүйе өндірістік нысандарды нақты уақыт режимінде бақылап, түрлі бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейді. Арнайы жасанды интеллект платформасы тұлғаны тану, жылдамдық режимін бақылау, оқиғалар журналын жүргізу, талдамалық есептер мен графиктер қалыптастыру мүмкіндіктерін қамтиды. Кешен құрамына бұзушылықтар мен штаттан тыс жағдайлар туралы қызметкерлерді жедел хабардар етуге мүмкіндік беретін заманауи байланыс және құлақтандыру жүйесі де енгізілген. Қолмен басқару режимінен бөлек, жүйе белгілі бір оқиғаларды анықтаған кезде ескерту хабарламаларын автоматты түрде іске қосатын сценарийлер де қарастырылған.

Жауапты қызметкерлердің жедел өзара іс-қимылы үшін корпоративтік Telegram-арна құрылды. Қандай да бір бұзушылық анықталған жағдайда жүйе оқиғаның сипаты, анықталған орны, камера нөмірі, тіркелген күні мен уақыты көрсетілген хабарламаны автоматты түрде жібереді. Жүйеге диспетчерлік қызметтің ауысым бастықтарын қоса алғанда, басшылар мен жауапты қызметкерлер қосылған.

Жүйенің жұмысы тәулік бойы бақыланады. Бейнеағындарды бақылау және талдау үшін бейнеқабырғалармен жабдықталған операторлық бекеттер ұйымдастырылған. Бейнежазбалар серверлік жабдықта сақталады, бұл қажет болған жағдайда оқиғаларды жан-жақты талдауға мүмкіндік береді.

Қосымша бақылау деңгейін бейнежазба жүргізу және онлайн-трансляция функцияларымен жабдықталған ақылды каскалар қамтамасыз етеді. Бұл құрылғылар бірінші тұлға атынан бейнежазбаны нақты уақыт режимінде жеткізеді, ал жасанды интеллект технологиялары жұмыс барысында орын алып жатқан жағдайларды бірден талдауға мүмкіндік береді.

Станцияның бүкіл аумағында деректердің тұрақты берілуін қамтамасыз ету үшін 10 Wi-Fi кіру нүктесінен тұратын желі іске қосылды. Бұл цифрлық инфрақұрылымның үздіксіз жұмыс істеуіне жағдай жасайды.

Жобаның маңызды ерекшеліктерінің бірі — оны пайдалану барысында үздіксіз жетілдіру мүмкіндігі. Операторлар алгоритмдердің жұмыс нәтижелерін талдап, дұрыс анықталған оқиғаларды растап, жалған хабарламаларды алып тастайды. Бұл алгоритмдердің дәлдігін тұрақты түрде арттырып, жалпы жүйенің тиімділігін күшейтуге, соның нәтижесінде кәсіпорындағы қауіпсіздік пен бақылау деңгейін одан әрі жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Security Day 2026

    Profit Security Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Security Day 2026, посвященной информационной безопасности в Казахстане.

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.