Павлодарлық студенттер AFM AI Hackathon 2026 байқауының жүлдегерлері атанды

Байқау қорытындысы бойынша Toraighyrov University студенттерінен құралған команда ІІ орынға ие болды.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Алматы қаласында ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі ұйымдастыруымен өткен AFM AI Hackathon 2026 байқауына еліміздің барлық өңірлерінен 300-ден астам қатысушы — студенттер, жас зерттеушілер және жасанды интеллект пен ақпараттық қауіпсіздік саласында жұмыс істейтін әзірлеушілер қатысты.

Хакатон барысында қатысушылар деректерді талдау құралдарын жетілдіруге, киберқауіпсіздік деңгейін арттыруға және өзекті салалық міндеттерді шешуде жасанды интеллект технологияларын қолдануға бағытталған технологиялық шешімдер әзірледі.

Байқау қорытындысы бойынша Toraighyrov University студенттерінен құралған команда ІІ орынға ие болды. Олар деректерді талдау мен қорғауға арналған жасанды интеллект негізіндегі серверлік қосымша жобасын ұсынып, сарапшылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Жоба өзінің практикалық маңыздылығымен және инновациялық тәсілімен ерекшеленді.

Студенттердің осындай іс-шараларға қатысуы кәсіби құзыреттерін дамытуға, заманауи цифрлық технологиялармен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын қалыптастыруға, сондай-ақ жастарды цифрлық трансформация мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты міндеттерді шешуге тартуға ықпал етеді.

AFM AI Hackathon — сұранысқа ие технологиялық шешімдер жасап, Қазақстанның инновациялық экожүйесінің дамуына үлес қоса алатын дарынды жастарды анықтау мен қолдауға арналған маңызды алаңдардың бірі.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.