ҚР денсаулық сақтау министрлігі денсаулықтың цифрлық мониторингінің мүмкіндіктерін кеңейту туралы хабарлайды
Қазақстандықтар енді Samsung компаниясының смарт-сағаттарында орнатылған денсаулық жағдайының жекелеген көрсеткіштерін мониторингтеу функцияларын пайдалана алады.
Бұған дейін олар республика аумағында болмаған. Бұл функциялар жүрек-қан тамырларының көрсеткіштерін инвазивті емес бақылауға, соның ішінде электрокардиограмманы тіркеуге және қан қысымын өлшеуге мүмкіндік береді.
Аталған функцияларды қолдану денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы заңнама мен нормативтік құқықтық актілердің талаптары сақталған жағдайда 2026 жылдан бастап мүмкін болады. Бұл ретте тағылатын құрылғылардан алынған деректер көмекші сипатқа ие және денсаулық жағдайын өзін-өзі бақылау үшін ғана пайдаланылуы мүмкін.
Олар медициналық маманның консультациясынсыз диагноз қоюға, емдеуді тағайындауға немесе медициналық бақылау тәсілін өзгертуге негіз бола алмайды. Денсаулық сақтау министрлігі тағылатын цифрлық құрылғылар медициналық тексеруді алмастырмайтынын және диагностика мен емдеу мәселелері денсаулық сақтау ұйымдарының құзыретіне жататынын ескертеді.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Security Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Security Day 2026, посвященной информационной безопасности в Казахстане.
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.