Олжас Бектенов Екібастұздағы «Деректерді өңдеу орталығы алқабы» жобасын жүзеге асыру жөніндегі Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді
Екібастұз МАЭС-1 ауданында болашақта 1300 гектардан астам аумақта ұлғайту мүмкіндігі бар ауданы 200 гектар жер учаскесі айқындалды.
Премьер-министр Олжас Бектенов Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Екібастұз энергия торабы базасында Президенттің «Деректерді өңдеу орталығы алқабы» жобасын жүзеге асыру жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексерді. Екібастұз МАЭС-1 ауданында болашақта 1300 гектардан астам аумақта ұлғайту мүмкіндігі бар ауданы 200 гектар жер учаскесі айқындалды. Мұнда есептеу инфрақұрылымы, «бұлтты» сервистер және ЖИ мүмкіндіктері орналастырылатын арнайы аймақты құрылмақ.
«Президент тапсырмасы бойынша біз ауқымды инфрақұрылымдық жоба — „Деректерді өңдеу орталығы алқабын“ жүзеге асыруды бастаймыз. Бұл экономиканың жоғары технологиялық секторының дамуына елеулі серпін береді. Барлық мемлекеттік орган мен жауапты ұйымдар нәтижеге жету үшін барынша тиімді жұмыс істеуі қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Премьер-министрге «Деректерді өңдеу орталығы алқабының» дизайн-жобасы таныстырылды. Премьер-министрдің орынбасары — жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов, «Қазақтелеком» АҚ төрағасы Бағдат Мусин жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы туралы баяндады.
«ДӨО алқабы» экожүйесі Екібастұз энергия торабының энергетикалық қуаттары негізінде құрылатын болады. Тұжырымдамада нысанды қазіргі бар энергетикалық инфрақұрылымды пайдалана отырып, қуаттарды енгізудің нақты белгіленген параметрлері бойынша кезең-кезеңімен дамыту көзделген.
Жоба шеңберінде ұзындығы 15 шақырым электр тарату желілерін сондай-ақ қуаты 300 МВт болатын және оны болашақта 1 ГВт-қа дейін кеңейту мүмкіндігі бар төмендеткіш қосалқы стансалардың инфрақұрылымын салу қарастырылған. Энергетика, есептеу қуатын пайдалану, ЖИ және тағы да басқа салаларда 500 жоғары білікті жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда. Осыған байланысты IT-мамандарды даярлауға баса назар аударылады. Инвесторлар үшін Арнайы экономикалық аймақтар қағидаты негізінде инфрақұрылым құру, тариф белгілеу және салықтық преференциялар беру түрінде жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінген. Жобаға болжанып отырған инвестиция көлемі шамамен $30 млрд-ты құрайды. Бүгінгі таңда ірі халықаралық компаниялармен келіссөздер жүргізілуде.
Премьер-министр Қазақстанның цифрлық экономикасын дамыту контексінде «ДӨО алқабының» стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Жасанды интеллект және цифрлық даму, Энергетика министрліктеріне, Павлодар облысының әкімдігіне «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп жобаны жедел жүзеге асыру үшін барлық қажетті жағдайлар мен инфрақұрылымды қамтамасыз ету тапсырылды.
«Бұл — болашақтың индустриясы. Біз бәсекелестік артықшылықтарымызды тиімді пайдалана білуіміз керек. Жобаны жүзеге асыруға электр энергиясы, климат, транскаспий кабелі сияқты қажетті алғышарттар бар. Сондықтан қабылдануға тиіс барлық шешімдерді енгізіңіздер, созбалаңға салмай, алға жылжу қажет. Бұл жобамен мен өзім тікелей айналысамын. Біз мүмкіндігінше қысқа мерзімде осы кезеңнен өтіп, әлемдік компаниялармен келісімшарттарды бекіту және қуаттарды жеткізу бағытында жұмыс істеуіміз керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.