Қызылордада оқушылар арасында алғаш рет республикалық «JuniorSkills-2025» кәсіби шеберлік конкурсы өтті

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Қызылорда облысында республкиалық «JuniorSkills-2025» жасөспірімдерге арналған кәсіби шеберлік сайысы ұйымдастырылды.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Оған еліміздің 8 өңірінен, яғни Алматы, Шымкент қалаларынан және Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Түркістан мен Қызылорда облыстарынан 9 сынып оқушылары қатысты. Байқау «Ағаш ұстасы», «Кондитерлік іс», «Сән технологиясы», «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету», «Мобильді робототехника» құзыреттіліктері бойынша өтті.

Байқау балалар мен жасөспірімдерді ерте жастан еңбекке баулып, болашақ кәсібін таңдауға көмектесу, жұмысшы мамандықтарға қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Мұнда оқушылар өздерінің қабілеттерін, кәсіби дағдыларын іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік алады, құзіреттіліктер бойынша модульдік тапсырмалар орындайды.

«Осыған дейін бұл байқау жергілікті деңгейде ұйымдастырылып келді. Биыл Жұмысшы мамандықтар жылы аясында алғаш рет республикалық деңгейде өтіп отыр. Конкурсқа қатысқан әрбір оқушы өзін жаңа қырынан таниды. Жобаның техникалық және кәсіптік білімге балалардың қызығушылықтарын қалыптастыруда маңызы зор», — деп атап өтті Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің басшысы Әсет Мұхамбетов.

Байқау қорытындысы бойынша «Кондитерлік іс» құзыреттілігі бойынша Ақтөбе, «Ағаш ұстасы» құзыреттілігі бойынша Қызылорда, «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша Түркістан облысынан келген қатысушылар жеңімпаз болып танылды.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Security Day 2026

    Profit Security Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Security Day 2026, посвященной информационной безопасности в Казахстане.

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.